Болгариялық турист әйел македониялық Охрид қаласына барып, теңіздің жағасында суретке түспек болды. Фонына аққуды алып түскісі келген әйелдің ырқына құс көнбей қойған. Түсірілген суреттерге көңілі толмаған турист аққуды күштеп жағаға алып шыққан. (dalaaadno.ru)
Сәтті кадрлар жасап болғаннан соң турист әйел құсты еркіне жіберіп қоя береді. Алайда, әлсіреп қалған аққу жүруге шамасы келмей жағада қалып қалған. Кәугерлердің айтуынша, біраз уақыттан кейін аққу жағада жатып өліп қалған екен.
Дәл осындай жағдай еліміздегі Қарағанды облысында да орын алды. (liter.kz)
Қарағандылық екі тұрғын Қызыл кітапқа енген арқарды ұстап алып, онымен сэлфи жасау үшін жануардың артқы аяқтарын сындырған. Қарағанды Ішкі Істер департаментінің баспа-сөз қызметшісінің хабарлауынша, Қарағайлы ауылының екі тұрғынын табиғатты қорғау полиция қызметкерлері ұстап алған.
«Браконьерлер өсімдік және жануарларды қорғау күзетінің рейд жасап жүрген кезінде қолға түскен. Жігіттерде төрт аңшылыққа арналған иттер мен жараланған арқар болған. Жануар қашып кетпес үшін оның артқы аяқтарын сындырып тастаған екен. Сонымен қатар арқармен сэлфиге жасау мақсатында өздерімен бірге ұялы телефон алып келген.»
Аңшылықпен айналысқан екі жігіттің үстінен Қылмыстық Кодекстің 337 бабына сәйкес «жоғалып бара жатқан жануарларларға жорыққа шықты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.
Браконьерлерге ай сайына 5000 теңге көлемінде айыппұл мен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ.