Әлеуметтік желіні қолданушылар арасында заңға енгізілген жаңа өзгертулер тақырыбы белсенді түрде талқылануда, себебі енді кез келген қазақстандықтар орналасқан жерінде тіркеуден өтуі міндеттелді. Осыған байланысты егер тұрғылықты жеріңізде уақытылы тіркеуіңіз болмаған жағдайда, онда Сізге белгілі ақшалай мөлшерде айыппұл салынады.
Осыған байланысты «Қамшы» порталы Halyk Bank әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған тіркеу турасындағы маңызды сұрақ-жауаптарды оқырман назарына ұсынады.
Неліктен Қазақстанда азаматтардың міндетті тіркелуі қайта талқылануда? Оның заңға енгізілуі тоқтатылды емес пе?
Ия, тоқтатылды және де қайта басталды. Экстремизмге және терроризмге қарсы күресу мақсатында қазақстандықтардың тұрғылықты жерінде келген уақытынан бастап 10 күн ішінде тіркеуден өтуі міндеттелуіне байланысты заңға енгізілетін өзгертулер ең талқыға салынған мәселенің бірі болды. Қазан айының ортасында мәжіліс депутаттары құқық қорғаушылар тарапынан көрсетілген сыннан кейін бұл өзгертулерді енгізуден шын мәнінде бас тартқан болатын. Десек те, бұл жаңашаландыру мәселесі өзгеріске түсіп (бірақ дәл сол күйінде жанжал тудыруда) парламет заңды қабылдап және 22 желтоқсан күні президент қол қойды. Мәжілісмендер бұл заңның әлем бойынша кең тарағанын атап өтіп және сол тәжірибеге сүйене отырып сенім білдіріп, бұл талаптар қажет деп түсіндіруде.
Не өзгереді?
Енді заң кез келген қазақстандықтан жаңа тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда міндетті тіркеуді талап етеді. Мәселен Сіз басқа елді мекенге қоныс аударсаңыз немесе ол жақта бір айдан астам уақыт болуды жоспарласаңыз; өз қалаңызда тұрсаңыз, бірақ тіркеу тұрғылықты жеріңізде болмаса; өз қалаңызда пәтерді 30 күннен артық жалға алғыңыз келсе, онда бұл мәселенің Сізге де қатысы бар. Жаңа тұрғылықты жеріңізге келген уақыттан бастап 10 күн ішінде тіркеуді рәсімдеуіңіз қажет болады, онымен қоса тіркеуден өту құны 227 теңге. Нақты тіркеуден қайда өту бұйрығы әлі анықталмады, десек те өткен уақытта айтылғандай, тіркеуден жаңа келген тұрғылықты жеріңізде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуден өтетіндігі аталып өткен болатын.
Қазақстан ІІМ көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сарсенованың айтуынша, бұрын тіркеусіз тұру үш айды құрайтын, енді ол 1 айға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, бұрындары тіркеуден өту заң бойынша енгізілмеген болатын. Енді «Миграция туралы» заңға сай, оның 1-інші бабы «уақытша мекендеу орны және өмір сүру» түсінігін береді, ал осы заңның 51-інші бабы уақытша мекендеу орнында тіркелуі міндеттеледі.
Өзге қалалардан келген студенттер үшін немесе басқа қалаға келіп ем алып жатқан науқастарға қандай ерекшеліктер қарастырған?
Ешқандай ерекшеліктері жоқ: тіпті Сіз білім алуға, жұмыс барысы бойынша іссапармен немесе емделу үшін келген болсаңыз да және мекендеу уақытыңыз бір айдан астам уақытты құрайтын болса, онда Сіздің тіркелуіңіз міндеттеледі.
Ал егер маған ұзақ мерзімге туыстарым немесе қонақтар келетін болса, онда олар да тіркелуі тиіс пе?
Егер олар бір айдан кем уақытқа келер болса тіркелудің қажеттілігі жоқ. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңында туысқандар мен қонақтар уақытша тұрғындар деген түсінік береді, сондықтан егер олардың сапары 30 күннен аспаса, сәйкесінше тіркелмеуге мүмкіндік береді. Бірақ, олардың Сіздің үйіңізде болу мерзімі бір айдан астам уақытқа созылса, онда жалпыға ортақ шарттар міндеттеле отырып барлық тіркеуге қатысты рәсімдерден өтуі тиіс.
Егер мен немесе басқа адамдар тіркеуден бас тартатын болса, онда ол үшін қандай шаралар қолданады?
Егер Сізде тек бір ай ішінде тіркеуіңіз болмаса полиция Сізге ескерту жасауға тиіс. Көші-қон қызметі тарапынан бұл ретте Сіздің киім-кешек жинауыңызды, көшу және жаңа орынға жайласуыңызды ескеріп, тек есерту жасайды. Десек те, тіркеуден өтпеген уақыты 30 күннен асқан жағдайда 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 2017 жылдың соңына дейін теңгеге шаққанда 15 883 теңгені құрайды. Егер қателік қайталанса айыппұлдың көлемі 13 АЕК (29 479 теңге).
Ал, егер мен жалға беруші болса және пәтерді жалға алушы бұл тәртіпке бағынбай тіркеуден өтпеген жағдайда маған айыппұлды төлеу қажет пе?
Иә, әкімшілік санкциясы Сізге де қатысты қолданылатын болады. Жалға берушілердің айыппұл көрсеткіші 10 АЕК құрайды, ал ол 2017 жылдың соңына дейін 22 690 теңге.
Бірақ, көші-қон полициясы құқық бұзушыларды қалай анықтайды?
Бұл туралы әзірге ештеңе белгісіз. Жақында көші-қон қызметі басшысының орынбасары Галина Сарсеновадан сұхбат алу барысында бұл жәйт бойынша нақты ақпарат бермеді, алайда, заңға толықтай бағынуды 2017 жылы 1 ақпаннан бастап тексерісті жүргізіп, қадағалау басталады деп сендірді. Кейінірек ІІМ берген мәліметтерде тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ жалға алушылар мен жалға берушілер арасында тіркеу рәсімін орындамағандарды жауапкершілікке тарту 2017 жылғы 7 қаңтардан бастайтыны анықталды.