3 жасар бала үй жағдайында сүндеттелуден кейін қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170709193636756_small.jpg

Красноярскте үш жасар бала үй жағдайында сүндеттелу салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новостиға Ресейдің тергеу комитеті хабарлаған.

Тергеу бойынша 6 қаңтар күні балаға отаны анасына таныс хирург жасаған. Кейіннен баланың жағдайы нашарлаған, анасы дәрі беріп, ауруды жеңілдетпекші болған, бірақ бала қайтыс болып кетеді.

Ресейдің тергеу комитеті іс-жүргізу нәтижесінде РФ қылмыстық кодексінің 109-бабының 1-бөлігіне сәйкес іс қозғалды. («Абайсызда адам өлімі») деп мәлімдеді.  

2016 жылдың маусым айында мысырлық Суэц қаласында сүндеттелу рәсімінен кейін 17 жасар қыз қайтыс болған. Жас қыздың анасы ота жасалған ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Алайда анасы қызына ота жасалғанын мойындаудан бас тартқан. Египетте 2008 жылдан бастап заңмен тыйым салынса да, сүндеттелу рәсімі тоқтар емес.

Қатысты Мақалалар