Улюкаевтың ісі бойынша жарты миллион рубльға арест салынды

/uploads/thumbnail/20170709193804813_small.jpg

Сот Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевқа тиесілі болған 564 млн рубль мен 15 жылжымайтын мүлкіне арест салынды. Бұл туралы «Коммерсантқа» берген сұхбатында Ресейдің тергеу комитеті басшысының орынбасары Игорь Краснов айтты.

2016 жылдың желтоқсан айының ортасында сот Смоленск облысындағы Улюкаевтың үйі мен 10 соттық жеріне арест салынған болатын.

Қазір бұрынғы экономикалық даму министрі үй қамағында отыр. Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев «2 миллион долларға жуық пара алды» деген айыппен тұтқындалған болатын.

Сейсенбі күні 10 қаңтарда Мәскеу соты бұрынғы министрдің үй қамағының мерзімін 15 сәуірге дейін ұзартты.

Тергеу өкілдері сотта экономикалық даму министрлігі мен мүлікті басқару жөніндегі қызметкерлері Улюкаевқа қарсы куәлік берді.

Бұрынғы министрдің өзі кетіп қалмау жөнінде қолқат арқылы босатуын сұрап отыр. Ол куәгерлерді қорқытпайтынын, паспортты алып қойғандықтан ешқайда кете алмайтынын айтты.

Дегенмен сот үй қамағаның мерзімін ұзартты. Улюкаев соттан балаларын көруге, олармен үйдің маңында серуендеуге рұқсат беруін сұраған болатын. Бірақ сот қабылдамады.

Ресей Федералдық тергеу комитетінің хабарлауынша, Улюкаев Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) кешенді тергеу шараларының нәтижесінде ұсталған.  Тергеу комитетінің хабарламасында Улюкаев экономикалық даму министрлігінің Роснефть компаниясына Башнефть компаниясының 50 пайыз акциясын иеленуіне оң баға бергені үшін екі миллион доллар пара алғаны айтылады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған айыптаудың бұлтартпас дәлелдер негізінде қойылғанын сөйледі. Алексей Улюкаев Ресейде 1991 жылдан бері тұтқындалған жоғарғы шенді мемлекеттік қызметкерлердің ең үлкені болып отыр. Оның айыбы сотта дәлелденсе 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Қатысты Мақалалар