ПӘ БАСШЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ МАЙЛЫБАЕВТЫҢ ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАР ТАРАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709194442276_small.JPG

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «ЦентрАзияға» сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымға Астанадағы дереккөздің хабарлауынша, жұма күні құқық қорғаушы органдар Бағлан Майлыбаевты қамауға алған. Бұған қатысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмаған. Майлыбаев жұмадан бері телефон қоңырауларына жауап бермейді.

Бағлан Майлыбаев 1975 жылы дүниеге келген, заң ғылымдарының докторы.

2002 жылдан бастап Мәдениет министрлігінің БАҚ департаменті директоры,  «Казахстанская правда» АҚ президенті, «Заң» АК президенті, Қазақстан президентінің баспасөз қызметі басшысы, Қазақстан президенті баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Майлыбаев президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары қызметінде алты жыл бойы болған.

12 қаңтар күні ол президенттің жарлығымен қызметінен босатылды. Орнына Ресейде елшілік қызмет атқарған Марат Тәжин тағайындалған еді. 

Айта кетер болсақ, қызметінен босатылғанына бірнеше күн өтсе де, Бағлан Асаубайұлы Ақорда сайтында әлі де Президент әкімшілігі басшысы орынбасары ретінде жазылып тұр.

Қатысты Мақалалар