«Майлыбаевтың қылмыстық ісін тексеру барысында «Еуразия» арнасының қызметін тексеру керек»

/uploads/thumbnail/20170709195115831_small.jpg

Президент Әкімшілігінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қылмыстық ісін тергеу барысында «Еуразия» Бірінші арнасының қызметін тексеру керек. Бұл туралы Ғалым Байтук өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Ұзын құлақтан естігенім Майлыбаев пен Ғалихиннің ұсталуы президент әкімшілігіндегі соңғы тұтқындаулар емес. Майлыбаевпен байланысы болған 30% жуық адам қызметінен босатылады. Ел басындағылардың әрбір қадамы көрші елге сол уақытта жетіп отырған деседі. Шенеуніктерді былай қойып, көрші елдің идеясын эфирден таратқан БАҚ-ты қайтеміз? Әсіресе телеарна. Естеріңізде болса мен Бірінші арнаның директоры Кисилевпен кездестім. Онда ол Майлыбаевпен қосылып ресейлік арнаны сынауды доғаруды сұрады. Ресейлік продюсер Замысловтың Қазмедиа орталығында жүргенін қалай түсінуге болады?  Құзыретті органдарды Ресейді насихаттап келген «Еуразия» арнасын тексеруді сұраймын. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты Бірінші арнаны өз бақылауына алып, басшылықты жергілікті патриоттарға алмастыруды сұраймын» дейді Ғалым Байтук. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар