Сүйінші!

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Қазақ жазушысы Қытайдың әдеби сыйлығын жеңіп алды. Жақында Қытай жазушылар одағы мен Қытай ұлттық істері көмитеті жағынан өткізілген республикалық «Тұлпар» әдеби сыйлығын еншілеген 25 туындының қатарына жазушы Оразқан Ахметовтың «Тұлпардың соңғы тұяғы» атты повестер жинағы кірді, деп жазады Халық торабы.

«Тұлпар» әдеби сыйлығы Қытайдағы төрт ірі әдеби республикалық марапат «Маудүн», «Лушүн» және «Үздік балалар әдебиеті» сыйлықтарының қатарына кіретін аз санды ұлттарға арналған әдеби шығармаларды сарапқа салатын сыйлық. Ол 1981 жылдан бері үш жылда бір рет өткізіліп, алдағы уақытта төрт жылда бір өткізілетін болды. Оныншы рет өткізіліп отырған республикалық «Тұлпар» әдеби сыйлығына таласуға 230 әдеби шығарма мен 10 аударма келіп түскен. Бірнеше айға жалғасқан додада бес жанр бойынша 25 әдеби шығарма мен 4 аударма алға шықты. Соның қатарына Қытай қазақтарынан шыққан жазушы Оразқан Ахметовтің «Тұлпардың соңғы тұяғы» атты повестер жинағы кіріп отыр.
Қарт жазушы аталмыш сыйлықты үшінші мәрте жеңіп алып отыр. Осы реткі сайысқа қатысқан жинағына автордың "Кәсіп таңдаған адам", "Бұраң жол", "Дүрегей", "Атамұра", "Жәрмеңке", "Таулы қыстақ аңызы", "Тұлпардың соңғы көші" атты повестері жинақталған.
Майра ҚАЗЫБЕК
Дереккөз: baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар