САРАПШЫ: НАЗАРБАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ ПАРЛАМЕНТТІК РЕСПУБЛИКАҒА КӨШУ ЕМЕС

/uploads/thumbnail/20170709201447349_small.jpg

Саясаттанушы Григорий Трофимчук Қазақстан президентінің билік өкілеттіліктері туралы  үндеуіне қатысты өз пікірін білдірді деп жазады aif.ru.

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы үндеуін жариялады. Онда Қазақстандағы билік өкілеттерін бөлу туралы айтылды. Мемлекет басшысы - стратегиялық функцияны, жоғары төреші ролін атқарады және сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, елдің қорғаныс қабілетіне жауап береді. Үкімет, министрлік, парламент әлеуметтік-экономикалық процестерге жауапты. Мұның Қазақстан үшін қандай мәні бар? Бұл туралы сыртқы және ішкі саясат, қорғаныс және қауіпсіздік маманы Григорий Трофимчук жауап берді.  

Григорий Павлович, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін қалай түсіндіре аласыз? Бұл парламенттік республикаға көшу  емес пе?

Қазақстан президентінің сөзінше, билік өкілеттерін бөлу мәселесі принципиалды болып есептеледі. Бұл шынымен солай. Бірақ Назарбаевтың сөзін  парламенттік республикаға екпін қою деп айта алмаймын. Бұл жерде өзгеше мән жатыр. Біз бұл үндеуді дұрыс түсініп, максималды түрде дұрыс баға беруіміз керек.

Біздің еуразиялық менталитетіміз қандай конституция болмасын, ішкі келісім және билік өкілеттерін ауыстыруға ел басы жауап беру керек деген түсінік қалыптасқан.  Мәлімдемеде айтылғандай, енді президент тек заңгерлік, заң тұрғысынан стратегиялық және ұйымдасқан функцияны ғана атқарады. Бірақ миллиондаған азаматтың менталитеті көзқарасымен қарайтын болсақ , бәлкім бұл онша дұрас емес те шығар. Бұл тұста менталитетпен қоса халықтың психологиялық ахуалын, орын алған жағдайды  да ескеру қажет. Ұсынылғандардың барлығы заңды түрде бекітіледі. Бірақ адамдарда жағдайға қатысты өз көзқарасы бар. Егер экономикалық ахуал төмендей берсе, оған кез-келген уақытта кім де болса әсер ете алады.

Назарбаев экономикалық себептерге немесе басқа факторларға байланысты мәлімдеме жасауы мүмкін бе?

Тәжірибиелі басшы ретінде ол ең алдымен экономикалық ахуалды ескерді. Назарбаев қиын кезеңде жағдайды өзгерту мүлде мүмкін емес болатынын түсінеді. Әрине бұл жерде нақты қауіптер бар. Бірі бұл реформаларды  парламенттік республикаға кету деп ойлауы мүмкін. Шән мәнісінде олай емес. Егер экономикалық ахуал құлдырамай тұрақты болса, еш алаңдамастан осы жаққа қарай беттеуге болатын еді. Ал қазір қауіп бар.  

Қабылданған шешім Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін бе?

Біз көп мәселеде одақтас елдерміз. Ресей Қазақстандағы жағдайға бей-жай қарамайды. Алайда, менің ойымша талқыланып жатқан мәселе біздің қарым-қатынасымызбен, ортақ стратегиялық дамуымызға әсер етпейді деп ойлаймын. Егер барлығы мемлекет басшысы жоспарлағандай болса және реформалар Қазақстанның ішкі жағдайына жоспарланбаған әсерлері болмаған жағдайда солай болады.

 

Қатысты Мақалалар