Адам құқықтарын бақылау ұйымы: Tүркияның соңғы буыны өте ауыр кезеңді бастан кешіруде

/uploads/thumbnail/20170709201440789_small.jpg

NewYorkОрталығы Нью-Йоркте орналасқан адам құқықтары мекемесі HumanRightsWatch (HRW/Адам құқықтарын бақылау ұйымы) 2017 әлемдік баяндамасын жариялады. 90-нан астам ел қарастырылған баяндамада Түркия сын садағына ілікті деп хабарлайды www.bbc.com/turkce.

HRW Европа мен Орта Азия директоры Hugh Williamson баяндамада «Tүркия соңғы буыны ең ауыр жағдайға тап болды» деген ой айтты.

Ұйым Түркияда адам құықтары саласында өткен жылғы ілгерілеушіліктерді «Адам құқықтары мәселесінде адам шошитындай нашарлау» деген тақырыппен естіртті:

«Түркияның президенті әрі үкіметі 2016 жылдың шілдесінде орын алған ауыр төңкеріс әрекетін адам құқықтарын қысымға алу әрі негізгі демократиялық кепілдемелерді жою мақсатында бір құрал ретінде қолдануда».

«Қарсыластарды аямай езіп-жаншыды»

Жылдың соңғы алты айында журналистердің жаппай бақылауға алынғанын, көп мөлшерде БАҚ-тың жабылуын, саясаткерлердің түрмеге қамалғанын еске салған HRW 100 мыңнан аса кісінің жұмыстан қуылғанын, азаматтық қоғам мекемелерінің жабылғанын әрі үкіметтің соттарды өз ырқына бағындырып жатқанын айтты.

HRW Европа мен Орта Азия директоры HughWilliamsonбаяндамада «Түркия үкіметі демократияны күшейту үшін партиялар арасында қалыптасқан төңкеріске қарсы одақты кәдеге жаратудың орнына сынға алған адамдар мен қарсыластарды аяусыз түрде қудалауды таңдады» деді.

Берік Мыңжасар

 

 

Қатысты Мақалалар