Көптеген адамдар уақытын жақындарымен, достарымен жағажайда, театрда, көрмеде, кинода өткізе алатын жағдайы бар. Әлемдегі қарапайым адамдар күн сайын қалағанын істей алады.
Бірақ кейбір адамдардың бұған да қолы жете бермейді. Басқаларының көмегінсіз қол жеткізе алмайды.
Наурыз айында Шарко дертіне шалдыққан 78 жастағы әйелдің суреті желіде танымал болды. Бірақ назарын аудартқан оның дерті емес. Суретте аты белгісіз күйінде қалған әйелдің өлер алдындағы соңғы тілегі болған Амстердамдағы Рейксмюзеум музейінде Рембрандтың картинасын тамашалап тұрған сәті.

Оның соңғы тілегін орындаған жергілікті Stichting Ambulance Wens Nederlands атты ұйым (Тілек орындайтын ұйым).
Бұл қайырымдылық қоры айықпас дертке шалдыққан адамдардың өлер алдындағы тілегін орындауға арналған ұйымды 2007 жылы жедел жәрдем жүргізушісі Кис Вельдбоер құрған. Ол еріктілер мен жеке жедел жәрдемнің көмегі арқылы іске асырылады.

Өлер алдында қайтадан қайықпен теңізге шығуды армандаған теңізшінің жалғыз ғана тілегін орындағаннан кейін Кис Вельдбоерға осындай ұйым ашуына түрткі болады. Және солай істеді де, Кистың жаңа жұмысы – адамдардың тілегін орындау.

Қор өлім аузында жатқан адамдың кез келген тілегін орындап, көмек көрсетеді.
Кистың қоры құрылғаннан бастап, оның командасы 7000 тілекті орындаған. «Мен жақын арада қайтыс болатын адамға көп нәрсе керек емес екенін, олардың тілектері де шағын болатынын білдім», – дейді.

Біздің ең қарт емделушіміздің жасы 101-де еді. Ол соңғы рет жылқының үстіне отырып, серуендегісі келген. Біз оны ат үстіне отырғыздық – оның қуанышында шек болмады, ханшайымдар сияқты әркімге қол бұлғап отырды. Керемет тілек болған еді!», – деп еске алды Кис.











«Біздің мақсат – емделушінің соңғы уақыттарындағы өмірін жақсарту. Соңғы тілектерін орындау арқылы әлемді кішкене болса да – жарқынырақ ету», – деп жазылған ұйымның веб-сайтында.