Александр Лукашенко: Беларусия Ресейдің мұнайынсыз-ақ күн көре алады!

/uploads/thumbnail/20170709203728329_small.jpg

Беларусия президенті Александр Лукашенко Ресеймен арадағы келісімшарттың бұзылғандығына және екі ел шекарасындағы іс-әрекеттерге қатысты Ресейді айыпты деп тапты деп хабарлайды tvrain.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Бұл жайында Лукашенко пресс-конференцияда мәлімдеме жасаған. Ол мұнай-газ қақтығысына байланысты шекаралық аудандарға қатысты шешім қабылдады.

«Мемлекетаралық келісімшарттар мен келісімсөздер болады. Сол нәрселерді құзіреті мықты бір министр келеді де, өзінің бір бұйрығымен – 801, 802, 803 – барлығын  бұзып тастай салады. Мен, тіпті, сол бұйрықтардың санын атап отырмын», - деп мәлімдеді Лукашенко.

Ресеймен арадағы қарым-қатынастың ушығуына «Беларусия Батысқа өтіп кету мүмкіндігі» себеп болған және бұл жағдайға Ресей аса сақтықпен қарап отыр. Сонымен қатар, Лукашенконың айтуынша, Ресей билігі түрлі саяси күштерден тұрады және олардың позициялары мемлекет билігінің пікірімен сәйкес келеді. Беларусия президенті: «Соңғы күндері жағдай тым ушығып бара жатыр», - деп айта кетті.

Лукашенко: «Ресеймен арадағы мұнай-газ қақтығысы – бізді мазақтағандары. Тәуелсіздік, тұрақтылық пен біздің тарихымыз – біз үшін мұнайдан да қымбат. Артық сөз айтып қоймайын деп мына жерде өзімді әрең ұстап тұрмын, себебі Семашконың (Беларусияның вице-премьері) түрі бозарып кеткен шығар. Беларусия Ресейдің мұнайынсыз-ақ күн көре алады», - дейді.

Сонымен қатар, Лукашенконың айтуынша, ресейлік министрлер келісім орнатуға келген Беларусия елінің адамдарына пысқырып та қарамайды, оларға түкіргендері бар екен.

«Министрлердің бізді менсінбейді, түкіргендері бар. Егер мұндай қарым-қатынас жалғаса беретін болса, біз енді келмейміз! Путинге дәл осылай айттым», - деп айтты Лукашенко. Қабылдау бөлімінде Беларусия делегациясы күтіп тұрғандығын ресейлік министр ұмытып кеткен жағдайды мысалға келтірді.

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар