Саясаттанушы: ТАСМАҒАМБЕТОВ ЕЛШІЛІКТЕН ҰТПАСА, ҰТЫЛМАЙДЫ

/uploads/thumbnail/20170709204045353_small.jpg

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Иманғали Тасмағамбетовтың вице-премьерлік қызметінен алынып, Ресейге елші боп кетуін осылай бағалап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Досым Сәтбаев бұл ретте И. Тасмағамбетовтың осыған дейін елшілік қызметтен өтпегенін алға тартады. Саясаттанушының айтуынша, елшілік қызмет Имекеңнің саясаткер ретінде толыса түсуі үшін ұтымды баспалдақ болмақ.

«Былайша айтқанда, ол (И. Тасмағамбетов – ред.барлығынан өтті. Енді мына соңғы, вице-премьерліктен (тіпті, бірінші вице-премьерлік те емес) кетуі оған пайдалы болуы а мүмкін. Бюрократиялық иерархия тұрғысынан алсақ, бұл – қызметінің төмендеуі. Бірақ, барлық соққыны қабылдайтын вице-премьерліктен гөрі (оның үстіне кешегі кеңейтілген жиында Елбасы барлық жауапкершілікті Үкіметтің мойнына іліп қойды) мемлекеттегі бірінші адамның солтүстік көршідегі «көзі» болған әлдеқайда жақсы. ) Бұдан бөлек, елшілік қызмет елдегі элита аралық шайқастың аяқталуын сыртта күтудің керемет мүмкіндігі. Соңғы тұтқындаулар ол шайқастың әлі де жалғасатынын көрсетіп отыр. Президенттің Үкімет құрамынан «бесінші колонна» іздеуі, мемлекеттік қаржыға қатысты салғырттық пен қылмыстық әрекеттерді анықтау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы шешім де көптеген шенеуніктерді ойландырып тастаса керек», - дейді Д. Сәтбаев.

Осылайша Тасмағамбетовтің соңғы тағайындалуынан оң нәтижелер күтетін саясаттанушы негізгі мәселе Имекеңнің елшіліктен кейінгі қызметтік каръерасында екенін және елшілік қызметте жүріп ел ішіндегі саяси мәселелерді шешуге араласу мүмкіндігінің шектеулі болатынын ескертеді.

Осы ретте Д. Сәтбаевтің былтыр қыркүйек айында Тасмағамбетовтың вице-премьерлік креслоға отыруын да уақытша тағайындау деп бағалағанын айта кеткен жөн.

Жомарт Абдоллаұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар