Қазақстанда ет қымбат. Мал шаруашылығы да ақсап қалған.Сырттан әкелінетін ет импортының көлемі де өсіп барады. Аттандап жүргенде шекара сыртынан мал айдайтындар ұпайын түгендеп қалады. Кеше Өзбекстан жаққа Қазақстаннан 200-ден астам қой мен ешкіні, 16 жылқыны заңсыз өткізуге тырысқандардың жолы кесіліпті. Әлгі пысықайлар малды тастап қашып кеткен. Ежелден ісіне мығым малшылардың шаруасы неге шатқаяқтады?
Небары 17 миллион халықты отандық етпен неге қамтамасыз ете алмай отырмыз? Жайылымдық жерлерді сатып алып, зәулім сарайлар тұрғызып тастағандардың жазасы не болмақ?