О. Хенри (АҚШ)
Қытай тілінен аударған: Шакен Бөкетайұлы
О. Хенри (1862-1910жж.), азан аты Виллиям Сидни Портер, О. Хенри оның қалам аты, Американың осы заманғы әйгілі сыншыл реалистік жазушысы. Шығармалары ой құраудағы сонылығымен, комфозицясының шымыр да жинақы өрілуімен және тілінің ойнақы да қызыққа толы юморлылығымен ерекшеленеді, кейіпкер тағдыры жаймашуақ басталып, ойламаған жерде ақырласып отырады. Ол жазған үш жүзден астам аңгіме, бір роман әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған бағалы қазына санатында бағаланады. Әдебиеттанушылар мен сыншылар оны Манхаттонның әйгілі прозашысы, Америка қазіргі заман әңгімесінің атасы деп есептейді. Уәкілдік шығармалары деп «Қырыққабат және патша», «Төрт миллион», «Лауқыл Мақфуз» қатарлыларды атауға болады.
Аудармашыдан
Суби әлде неге алақызып Мадецон алаңындағы ұзын орындықта жатыр, екі жамбасына кезек аунайды, әр жылы тырна керуені зеңгір көктен тыраулай ән созғанда, түлен терісінен тігілген тоны жоқ әйелдің күйеуіне мейір сүйіспеншілігі еселеп артатыны сияқты, Субидың көше орталығы бағындағы ұзын орындықта байыз таппай, дөңбекшіп жататын кезі, адамдардың есіне, қылышын сүйреткен қыстың келіп те қалғанын білдіретін еді.
Бір тал қураған жапырақ Субидың қара санына қалықтай келіп қонды, бұл Жек Простың* үкілі хаты ғой. Жек Мадецон алаңының тұрғындарына төтенше сыпайы мінезбен келеді. Әр жылы келіп орнығудан ілгері, ылғи да осылай алдын ала сілемін жібереді. Төрт көшелерге, «Дала сарайының» почтабайы болған «Терістік желі» арқылы үкілі хатын жіберіп, жұрттың жақсырақ қам жасауын ескертіп отырады.
Суби өзінің қалайда бір байламға келмесе болмайтын мезгіл болғанын, жеке кісілік қазына алқасын дереу ұйымдастырып, келіп қалған аяз бен қарға төтеп беру керектігін сезінген, ұзын орындықта мазасыздана дөңбекшіп жатқан жатысы осы еді.
Субидың қыстан өтудегі мұрат-тілегі палендей жоғары емес, Жерорта Теңізіне барып саяхаттау кәперіне кірмейді, оңтүстік өлкенің адамды маужыратар күн нұрына қақталуды тіпті ойлаған емес, Везеуи қолтығына барып айналсоқтау түсіне де кіркіп көрген жоқ, бар есі-дерті аралға жетып, қыстың үш айын өткізіп алу ғана. Тұп-тура үш ай. Ішсе тамағы ұйықтаса төсегі дайын, коңілдері тоғысып, тіл табысар дос-жарандар да табылады. Оның үстіне, «Терістік желі» мен сақшы да мазаламайды. Суби үшін бұл арал дегенің түнде түсінен, кұндіз есінен кетпейтін ең үлкен арман.
*Абайдың қысты «кәрі құда» дегены сяқты символдық кеиыпкер.
Талай жылдан бері, меймандос Булаквер* аралындағы абақты Субидың қыстап шығатын тұрағына айналған. Бейне мейманасы тасыған Нью-йорктіктердің әр жылы қыста пальма қайраңы* мен Лей-айлаға* ақша төлеп жүріп баратыны сияқты, Субидың да әр жылы бір рет аралға сүргінделу үшін қажетті орналастырулар жасауына тура келетын. Міне, сол уақыт болды. Кеше кеште ежелгі алаңдағы су бұрқағы бар көлшік бойындағы ұзын орындыққа түнеп жатқанда үш бірдей жексенбілік газетпен арқасын, қарасанын, аяғын ораған еді, күздің қара суығына қамсау бола алған жоқ. Сонымен аралдың елесі ойын шырмап, кокейінен көтерілмей қойды. Ол анау мейір бағыштау атымен қала кедейлері үшін құрылған сахабат орындарын иттің етінен жек көреді, Субидың ойынша заң жылу атаудан әлде қайда дарқан. Ниеттенсе баратын жерлер аз емес қой. Қаланың әкімшілік кеңсесі, құтқару органдарының түрлі-түсті кеңселері сияқтылардың қай-қайсысына да барып, тіске сыздық тауып, жамбасы сыйған жерге қона-түнеп, ілдебайлап күн көруіне болар еді. Әрине елдің садақасымен. Алайда Суби сияқты бойында ұжданы бар адам үшін бұл жан төзгісіз қорлық еді. Сахабат органдарының қолынан қандай бір жақсылыққа ие болғаныңмен, әрине ақша төлемеген күннің өзінде, рухыңды жаншып, намысыңды қорлату арқылы қарымжысын қайтарасың, Цсезардың Блутонға жасаған мәмілесі сияқты*, әйтеуір жақсылығын тегін жасамайды, сахабат орнының төсегіне жатсаң, алдымен біреу айдап апарып суға түсіреді; сахабат орнының нанын жесең, қайдан кеп, қайдан тұрғаныңнан тартып, ішкі құпиялығыңа дейін ақтаруың керек. Одан гөрі, заңға тұтқын болған тойға барғандай еді. Заң мейірімсіз болғанымен, жұмысы законмен жүреді де, кем дегенде, жігіттің жеке ісіне артықша қол сұға бермейді.
Аралға баруға бел байласымен, Суби қолма-қол іске кірісетін де, ойын реалдыққа айландыра қоятын. Тілегіне жету үшін, қарапайым да оңай тәсілдің талайын қолданатын, соның ең бір жанға жайлысы – әлде бір сәулетті түселханаға барып мелдектей тою еді, сосын, жанында соқыр тиын жоқтығын, төлеуге шарасыз екендігін мойындау, осылайша үн-түнсіз, тіс жарып, тіл қатпай-ақ сақшыға тапсырылатын. қалған істің барлығы амандық сақтаушы судиялардың келістіруімен біте беретін.
Суби ұзын орындықтан тұрып, алаңнан өтті. Бай-манаптар даңғылы мен бесінші даңғылдың қиылысындағы асфальт жатқызылған айнадай жолды айналып шықты, сосын байлар даңғылына қайта айналып, шырағы самаладай самсаған бір кофехананың алдына келып тоқтады. Бұл араға, әр күні кеште аңқыған жүзым, судыраған жібек және де басқа протоплазымалық есіл бұйымдар* жиналушы еді.
Суби өзіне, күртешесінің ең аяққы түймесінің жоғары жағына қатты сенімді еді, сақал-мұрты қырылған, шапаны да ұзын, арынды көрсететін. анау ретті де таза бантигін алғыс мерекесінде әлде бір діншіл ханым сыйлаған болатын, ас үстелінің жанына жеткенше ешкім байқамаса болғаны, ойлағанының орындалғаны. Шыра бетінен көрінетін жарым денесі даяшыларға еш күман тудыра қоймасы анық. Суби «бір қақтаған жабайы үйрек, тағы бір шөлмек Шабулей* шарабы және Каменбей ірімшігі*, тағы бір көзе сұйық кофе мен бір тал сигарет бұйыртайын, бір талы бір долларлық сигарет болса болар,» деп іштей есеп соқты. Барын қосқандағы бағасы қымбат тоқтайтыны мұнда тұр. Ақшасын кешірген күнде де, аямас, қатал қарымжы тосып тұр; сонан соң бір жолғы тамақ оны қыстан паналайтын сапарға шығарып салып, мұратына жеткізеді, еш өкініші жоқ.
Субидың аяғы босағадан аттай бере, кезек басының көзы оның ескы шалбары мен тозған кебісіне түсе кетты. Әлеуетті де ширақ қолдар оны келген ізіне бұрып, үнсіз итеріп шығарып, жүргінші жолына айдап салып, аямас ашқарақ қолдан анау жабайы үйректйң бейшара тағдырын құтқарып қалды.
Суби байлар даңғылынан қарасын батырды. Бұндай болғанда бір рет сылқия тою арқылы ғана бара салатын, әудем жердегі аралға, бұл амалы қатынатпайтын сыңайлы. Түрмеге отыру үшін, басқалай бір әдәс қарастырмаса болмас.
Алтыншы даңғылдың айналаберісінің шырағы жарқырай көз тартады. Ажарлы да әйдык әйнек көрменің ішіне қойылған заттар көздің құртын суырардай айпара ажар танытып тұр. Суби жерден бір малта тас алып, сілтей лақтырып, әйнекті күміретіп түсірді. Айланбалардан жұрт жүгіре басып ентелеп келеді, ең алдында шарлаушы сақшы. Суби тұрған орыннан қозғалмай, екі қолын шалбарының қалтасына салып, жез түймеліге қарап күлімсіреді.
– Әйнек шаққан неме қалай қашты? – деді сақшы тұлан тұтып.
– Бұл іспен менің қатысым жоқ деп ойлайсың ба? – деді Суби сөзіне кекесін араластыра. Дегенмен махаббат тәлейін беріп тұрғандай достық пейіл көрсетті .
Сақшы Субиді дело тудырған адам деп есептеген жоқ, терезе шаққан адамның нақ майданда заңның төленгітімен кеңесып тұруы мұлде мүмкін емес қой, әлдеқашан табанын жалтыратып зытып береды де? Сақшы көшеның арғы басында әлде бір машинаны қуып бара жатқан біреуді көрді де, таяғын шошаңдатып соны қуып кетты. Суби іштей күйзеліп, аяғын сүйрете аударып, басы ауған жағына кетты. Ойлағаны тағы да орындалмады.
Көшенің қарсы бетынен қораштау бір аспұзыл көрінді, одан да кәдімгідей қарын тойғызуға болады. Пәлендей қымбат та емес. Ыдыс-аяғы дөрекі, ауасы тымық, сорпасы сылдыр, ас жаулықтары шытадай еды. Суби анау қарғыс атқан кебісімен, салауатын паш етып тұрған мыж-мыж шалбарымен аспұзылға келып кірді, құдай сақтап, ешкім де оған көзінің ағын көрсеткен жоқ, кәдімгідей үстелге келып жайғасып, қабырға шашлық, шелпек, қарма, қаттама жане үгілме жеді. Онан соң күтушіге өзінің ақша деген ақсақалмен ешқашан қарым-қатынасының жоқтығын бүкпесіз айтып салды .
– Қарап тұрма, сақшы шақыр! – деды Суби, – ағалар тосып қалмасын.
– Сақшы шақырудың керегі жоқ, - деды күтуші, дауысы сүтты балкүлшедей майда да жұмсақ болғанымен, Манхаддонның табет ашар шарабына салынған шиедей қызарды, – уай, акаң, бері кел!
Екі күтуші оны шарт па шұрт далаға сүйреп шығып, мұздан суық, тастан қатты жүргіншілер жолына құлақ шекесымен жер сүздіре атып ұрды. Суби ағашының бүктемелі сызғышындай бүктеле сүйретіліп, орнынан сүиретыле тұрып, үстінің шаңын қақты. Қолға ұсталу арманы құрғақ қиялға айналып, анау арал көзден бұлбұл ұшты. Қанаттас тұрған екі есік дүкенінің алдында тұрған сақшы күліп қойды да, көшені бойлап өз жөніне кетті.
Суби бес көшені кесіп өткеннен кейін, тұтқынға түсу ниеті қайта қабына қалды. Бұндай орайдың сәтә оңай-оспақ түсе бермейді, ойының орындалатынына бұл жолы шүбәсіз сенді. Киінісі жұпыны болғанымен, көрген жан көз тоқтатарлықтай бір бойжеткен әйнек самалаға таяй түсіп, көрмеге қойылған ұстара сауыты мен сия сауыты қойылған таушаға бар назарымен қарап тұр екен, одан таяқ тастам жерде еңгезердей бір сақшы су шүмегіне сүйеніп тұр. Айбарынан арыстан жасқанардай. Суби қаңғыбас азғын, жексұрын сотанақ болып көрінбекші болды. Ол мынау кәсібіне адал сақшының көзінше биязы да әдепті қызға соқтығады. Бұл ойы оның сенімін бекемдей түсті, сақшының қос қолының қос білегінен ұстағаны қандай рахат, аралдағы алаңсыз қапаста отырып, биылғы қыстан шығып алудың таптырмас кепілі осы.
Суби діндар әйел берген бантигін түзетіп, жейдесінің жеңін пенжағынан оздыра шығарып, қалпағын ане-міне түсіп кетердей желкесіне сырып қойды да, әлгі әйелді қырындай сүркеп өтті. Көзін ойнақшытып дауысын құбылтты. Тамағын кенеп, күлмің қағып, ыржыңдай күлді. содырлар істейтін барлық ұятсыз дарақылықтардың барлығын айнытпай келтірді. Ол көзінің құйрығымен байқастап еді сақшы өзінен көз айырмай тігіліп тұр екен. Жас әйел бірер қадам жылжып барып, бағанағы ұстара құтысын жалғасты қызыға тамашалап тұра берді. Суби жақындай түсіп, батылдана сүйкенді, қалпағын көтеріп қойып:
- Аха, Бейталия, менің аулама барып көңіл ашқың келмей ме?
Сақшы әуелгісіндей көз айырмай тұр. Біреудің қылжағына ұшыраған бойжеткен қолын бұлғап қалса болғаны, аралдағы алаңсыз тұраққа баратын жолға шыққан есептеледі. Ол әуелі сақшы бөлімшесінің тыныстылығы мен жылы пешын де ойлап үлгірген еді. Жас әйел оған жүзін бұрып, бір қолымен пенжағының жеңынен ұстады.
– Әрине, Майкл, – қыз масайрай сөйледі, – маған бір бокал сыра алып беруге мақұл болсаң. Егер анау сақшы аңдып тұрмағанда, өзіңмен бағана-ақ шүйіркелесіп кетер едім.
Жас әйел бұған емен ағашына жармасқан шырмауықтай орала түсты. Субилар сақшыдан ұзай берді. Ері мойнына кетіп, сүлкіні тұсіп кетті. тағдырына осылай жазылған шығар. Ол тағы бостандықта қалды.
Бір айланбаға келгенде ол қызды тастай беріп, тұра қашты, тоқтамай жүгіріп бірталай жерге ұзап кетті. Бұның келген жері таң атқанша шырағы сөнбейтғн, ең бір қам-қайғысыз, ең бір арзан уәделер мен ойнақы жайдарылыққа толы театр тұрған жер еді. Сылқым ханымдар теры ішіктерін жамылып, беделді мырзалар пальтоларына оранып, сүйектен өтетін ызғарлы аязда мәре- сәре болып ойқастап жүр.
Субидың бойын әлде бір сиқырлы күш өзін иектеп, тұтқындалудан тосып жүрген сияқты біртүрлі қорқыныш билей жөнелді. Ойлаған сайын аза бойы қаза болып, төбе шашы тік тұрды. Дегенмен, шырағы күндізгідей жарқыраған театр қақпасы алдында найқала шарлау жүргізіп жүрген сақшыны көргенде «амандықты бүлдіру керек» деген жанын құтқарар ниетке табан тірей қалды.
Суби жаяулар жолына тұра қалып, жыртылған барабандай дауысын еркіне қоя берып, алқаштардай айғаиға басты. Секірді, барқырды, айғайлады. Әйтеуір әр түрлі амалдың бәрін қолданып, тыныш тірліктің бағасын бір кісідей-ақ кетірді.
Сақшы таяғын бұлғақтатып, Субиға сыртын берген беті әлде бір жүргіншіге :
– Илу командасының жанкүйері ғой, жеңістерін тойлап жүрген, олар Хатуфорд институтымен футбол жарысына түсып, қарсы жағына келістіріп отырып бір жұмыртқа жегызген екен, дауысы қаттырақ болғанымен, ештемеге кедергі келтіріп жатқаны жоқ. Бастықтың нұсқауы бар. Сайрандай берсын, – деп түсінік жасап жатыр.
Суби далаға кетіп жатқан бекер айғайын пейілсіз тоқтатты. Бұны сақшылар керек қылмайтын болғаны ма? Қиялындағы анау арал аңсауға болатын, бірақ, баруға болмайтын акадия* болғаны ғой. Ол жұқа шапанын түймелеп, сүйектен өтер суық желге қамсау жасаған болды.
Суби сигарет дүкенінде киім-кешегі мұнтаздай біреудің темекі тамызып жатқанын көрді. Ол дүкенге кірерде, жібек қол шатырын босағаға сүйей салған еді. Суби табалдырықтан аттай беріп, жібек қол шатырды алып, ештемеге көңіл аудармастан қайта шықты. Темекі тамызып тұрған адам артынан қуа шықты.
– Меның қол шатырым, – деп айғайлады әлгі адам.
– Оһо, солай ма? – деп Суби мазақтай тіл қатты. Суық қолдығының үстіне қорлау қылмысын қоспақшы ғой баяғы, – жарайды, сақшы шақырмай не ғып тұрсың? Солай, мен алдым. Мынау сенің қол шатырың! сақшыны неге шақырмай тұрсың? Әне, анау бұрышта біреуі тұр.
Қол шатыр иесінің жүрісі кібіртіктей қалды, Суби да баяулады, өзі де тұспалдап тұр, тағдыр бұнымен тағы бңр рет бетпе-бет келді. Анау сақшы бұл екеуыне қызықтай қарап тұрған шығар.
– Солайы, солай ғой, – деді жібек қол шатыриесі, – анау, айтпақшы, кейбір кездері осындай ұғыспастық болып тұратынын өзің де білесің ... мен ... мына қол шатыр сенікі болса айыпқа бұйыра көрме ... таңертең мен мұны асханадан тауып алып едім ... өзіңдікі екенін таныған болсаң, онда, сенің айыпқа...
– Әрине, менікі! – деды Суби ызбарлана.
Жыбек шатырдың әуелгә иесі назалана жайына кетті, анау сақшы дедектей жүгіріп барып, кештік мүрәсәм плашын жамылған, шашы сап-сары, сойқиған әйелді қолтықтап, көшенің екі бағытынан келетін машиналар қағып кетпесін деп, жолдан өткізіп бара жатты.
Суби шығысқа беттеп, қайта-қайта жөнделгендіктен ойқы-шойқы болып қалған бір көшеге түсті. Ол ашу мен ызадан жарылардай болып, жібек қол шатырды әлде бір әңгекке лақтырып жіберді. Анау бастарына дулыға киіп, қолдарына сақшы таяғын ұстаған немелерді күбырлей боқтап келеді. Бар ниетімен заң торына түскісі-ақ келді ғой бұл жігіттің, ал аналар бұны ерегескендей мәңгі қателік өткізбейтін патшадай* көретін сияқты ма, қалай?
Ақыры Суби шығыс районға жалғасатын бір көшеге келді. Шырақтары бозара сығырайып, еміс-еміс айғай-шу естілгендей болады. Ол көшені бойлап Мадецон алаңына қарай жүрді, оның үйі бақшадағы ұзын орындық қана болғанымен, үйге қайту дейтін түисік оны осында алып келетін еді.
Алайда, құлаққа ұрған танадай жым-жылас бір бұрышқа келгенде, Суби тоқтай қалды, бұл арада бір көне шіркеу бар еді, үлгісі ескі, ыбырсып жатқандай көрінетін тас қабырғалы құрылыс болатын. Майда сәуле солғын қара көк әйнектерден салқын сәулесін шашыратады. Органшының күйсандықта жексенбілік мадақ – ахида жырына машықтанып жатқаны күмәнсіз еді. Жағымды да, көңілді күй әуені Субидың боыын балқытып, еліктіргені сонша, оны бұранда реуішті решеткаға желімдей тартып жабыстыра түсті.
Аспан көгіне толықси ай көтерілді, сүт сәуле төгіліп, тыныштық ұйығандай. Жүргіншілер мен көліктер де саябырлаған. Дөдеге астына ұя салған кезеген торғай ұйқы сұрағандай санда бір дыбыс шығарып қояды. Дәл осы бір сәт ауылдағы шіркеу барқынының тірлігінен аумай қалған. Күйсандықта ойналған ахида жыр темір қоршауға сүйеніп тұрған Субидың жүрек қылын тербеды. Ол бұрын аялайтын анасы, хош иісті роза, мұрат- тілек, дос-жаран және кінасіз ой-қиял мен кірсіз көйлегі бар заманда, ахида жырына төтенше қанық болатын.
Субидың сезімшіл жүрегі ескі шіркеумен өзі де аңдамдаған белгісіз халде басқа бір әлемге бой ұсынып, жан сезімі ғажайып бір толқыныс ішінде өзгеше өзгеріп сала берді. Табан астында ұйқыдан оянғандай өзінің терең иірімге батып ғұмырын тоздырғанын, арсыз нәпсіге шырмалып, күдер үзе торыққанын, ақылынан алжасып күйкі тартқанын сезінді. Міне осылар оның бар тірлігі болып қалған еді.
Осы шақ жан сарайының жаңаруы, оны шексіз шаттыққа боледі. Бір түрлі алып ұшқан әрі қуатты тебіреніс оны керағар өмірмен майдандасуға шабыттандырып, жігерін жанығандай болды. Ол өзін құйдан құтқаруы, өзін иектеген азезілді жеңуі керек. Ештен кеш жақсы, әлі уылжыған жас, кезіндегі мұрат, жігерін қайта табуы әрі бұлжытпай ұстануы тиіс. Күйсандықтың айбынды да әсем әуені оның жан жүрегінің терең түкпірінде бір майдан төңкеріс жасаған еді. Ертең, ол қайнаған сауда көшесіне барып жұмыс тауып істейді. Тері бұйымдарын импорт ететін бір саудагер бұны баяғыда жүргізуші етіп жалдаған болатын, ертең соны іздеп тауып, сол жұмысын жалғастырады. Ол сөйтіп егей, айтулы тұлғаға айналады. Ол...
Суби білегінен келіп біреудің ұстағанын сезді, жалт қарап еді, сақшының оңіне көзі түсті.
– Бұл жерде неғып тұрсың ? – деді сақшы.
– Ештеңе , – деді Суби.
– Онда маған ілес, – дедісақшы.
Ертеңіне таңертең, сақшы мекемесі сотының судиясы мынадай үкімді жариялады:
«Белайквер аралына, ұш аиға...»
«Жұңго-шетел әңгімелерінен жауһарлар» жинағынан
4 желтоқсан 2012жыл
*Цезар – Рим билеушісі, саясаткер. Блутон басшылығындағы республикашыл ақсүйектер жағынан қастандықпен өлген. Блутон – Рим ақсүйекшілдер тобының саясаткері, Цезарды өлтірген бас қандықол, кейін Грецияға қашып барып, Антонидан жеңылген соң, өзін өзі өлтірген.
*Нью-йоркөзеніндегі бір кішкене арал, аралда түрме бар.
*Америкадағы Плорида штатының шығыс түстігіндегі қалашық, қысқы саяхатқа таптырмайтын жер.
* Түстік Европаның Жерорта Теңізі жағалауындағы район. Францияның шығыс түстігі мен Италияның батыс терістігі.
Дайындаған: Бұлғын Сусар