Мәскеуде ақпанның 23-нен 24-не қараған түні «ГАЗель» автокөлігінен Қазақстанның екі азаматының өлі денесі табылды.
Қазақстандықтар Мәскеу қаласындағы Дмитровск ауданының қоймасынан тауар алу үшін келген екен, деп хабарлайды РЕН ТВ телеарнасының жаңалықтар қызметі.
Алайда, тауар алып кетуге келіскен уақытта келмегендері үшін, оларды іздестіру жұмыстарына кірісіп кеткен. Тілшілер азаматтардың улы газға тұншығып қалғандықтан, көз жұмғандарын айтуда.
Қазақстан азаматтары 34 жасар Виктор М. мен 20 жасар Алексей Б.ны полиция қызметкерлері «Деловые Линии» логистикалық компаниясының автотұрағынан тапқан.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері айтылған фактқа байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.