Нигериялық жігіт Алматыға деген махаббатын әнге арқау етті

/uploads/thumbnail/20170708153738348_small.jpg

«Шетелдіктердің Алматыға деген көзқарасын нигериялық Rich D есімді жігіт өз әніне сыйдыра білді», - деп жазды Baq.kz  Африкалық қонақ қазақ қаласының сұлулығы жайында бейнеклип түсіріп, әуелетіп ән де салған. Тіпті арасында домбыраны да қағып қояды.

Rich D өзінің Алматыға деген махаббатын қала табиғатының әсемдігімен, халқының қонақжайлығымен түсіндірген екен. Жастайынан өлең айтып, әншілікті кәсіп еткен жігіт алғашында Нигериядағы шіркеуде ән айтыпты. Кейін Қазақстанға оқуға келіп, түнгі клубтарда DJ қызметін атқарған, әрі өзінің жаңа өлеңдерін жаза бастапты. Арасында бірнеше жылға АҚШ-қа кеткен ол саз мектебінде біліктілігін жетілдірген. Биыл Алматыға қайта оралған әнші шығармашылығын осында жалғастыруды жөн көріпті. Rich D  бүгінде 10 әннің авторы. Өлеңдерін ол ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жазады екен. Ағылшын мен орыс тілдерін еркін меңгерген африкалық жігіт қазір қазақшаны да тыңғылықты үйренуге бел буыпты. Қазақ елін өзге елден келгендердің әнге қосуы Қазақстанның шетелге таныла беруі үшін жақсы насихат. Нигериялық жігітке Қазақ еліне арнаған әндер қатары молая берсін деп тілек білдіреміз.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар