Алаш азаматтарының қаны төгіліп, ұрпағының сүйегі шашылып қалған АЛЖИР-де мешіт жоқ

/uploads/thumbnail/20170708153738956_small.jpg

Кешелі бері әлеуметтік желілерде бір оңбаған сурет елдің шырқын бұзып, бәрі бұлқан-талқан болып отыр екен. Оған неменеге таң қаласыңдар неменеге ашуланасыңдар? Дінсіздік жайлаған жер сондай болады. Әншілер шығып ойбай ақ-көк деп жатыр күлкіні келтіріп. Ау, көкелерім-ау керемет болсаңдар міне, Астананың іргесінде АЛЖИР мұражайы орналасқан жерде мешіт жоқ. Жоқ емес бар бірақ сиқы мынау.

Ал мұражайдың дәл қасында проваслав ғибадатханасы, оның ар жағында католик шіркеуі жарқырап тұр. Тек будданың храмы жетіспейді. Керемет толеранттымыз ғой. Проваслав ғибадатханасының жанында мешітке деп берілген жер бар, сенесіздер ме, сол жерге мешіт салуға демеуші таппағанымызға біз келгелі 2 жыл болса, оның алды үш жыл, қосыңыз 5 жыл. Жаңа мешіттен үміт үзгеннен кейін, «қой, бар мешітімізді жасап алайық» деп жамағаттың 5-6 жігіті іске кіріскен. Бұл мешіт деп отырғанымыз бұрын қойма, одан кітапхана болған, құлайын деп тұрған ескі үй.  Суреттен де көрініп тұр ғой несін айтып жатайын. Суы да жоқ канализация түгілі. Ал бұл жақтың қысы қандай екені белгілі. Жігіттер ақ тер көк тер болып су тартып кіргізді. Енді шатыры, туалеті, аристоны, кафел, қосымша туалетке арналған құрылысы бар, сонда кірпіші, қақпасы , ауласын жасауға қаражат керек. Қаражатты әлһамдулилла біраз адам берді, 365 мың жиналды. (Бір кісі 200 мың берем деген соны қосып айтып отырмын. Әлі қолымызға тиген жоқ.) Ал енді ойлаңыз бұл ақша қай жыртықты жамауға жетеді. Алаш азаматтарының қаны төгіліп, ұрпағының сүйегі шашылып қалған жерге дұрыс мешіт сала алмауымыз елдігімізге сын емес пе?!

Біраз ағайыннан көңіл де қалып отыр шынымды айтсам. Өзіміздің қазақ жігіттері бензинімді құйып бер анау-мынау деп бұлданғанда, орыстың жігіттері келіп ләм-мим демей бір тиын сұрамай су жүйесін реттеп берді. Сөйлей берсе сөз көп...

Әр кім жылы креслоға отырып алып анау-мынау деп лепірмей іске көшу керек шығар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қыс түспей осы ескі мешіт тезірек оймақтай болсын десеңіздер қаражат жинауға көмектесіңіздер. Жұмысшылардың еңбектері де бар . Жамағаттың өзі де таң намазынан кейін, екінтіден кейін қолдары қалт еткенде жабылып жатыр. Бірақ араларында сауатты сылақшы, тас қалаушы жоқ. Ондай жұмысшыларға хабарласып едік намаз оқиды ғой деп еңбек ақысы 150 мың теңге деді. Қолдарыңыздан сылақ жасау, тас қалау келсе де мархаат.

Майра Бейсекенова. Facebook-тегі парақшасынан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар