20-жасар британиялық азамат Стивен Куктың қаңқасының қалдықтары Кипрдағы Малия аулындағы құдықтың ішінен табылған деп хабарлайды qamshy.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасай отыра.
Марқұм 2005 жылы іс-түссіз жоғалып кеткен.16 ақпан күні табылған британдық азаматтың қаңқасын сол жердің тұрғындары тапқан. Қаңқа жанында оның былғары белдігі мен камерасы табылған. Генетикалық экспертиза қаңқаның 2005 жылы іс-түссіз жоғалған Стивен Кукке тиесілі екенін дәлелдеп берді. Өлімінің себептері анықталуда. Британ азаматының қаңқасы табылғаны туралы ақпаратты Facebook әлеуметтік желісі арқылы оның ата-анасы да растап берді.
Аударған: Назерке Мұса