Сенат спикері Тоқаевты Ресей телеарнасы төбелескер ретінде көрсетті

/uploads/thumbnail/20170708153754468_small.jpg

ҚР өкілдігі Ресейдегі Ren-TV телеарнасына ресми хат жолдап, "112" ақпараттық бағдарламасында кеткен қателікті түсіндіріп беруді талап етпек. Себебі аталған бағдарлама жедел медициналық жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан қазақстандық бизнесмен туралы айтқан кезде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын көрсеткен. Tengrinews.kz-тің жазуынша  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов бұл іс бойынша Қазақстанның ресейдегі елшілігі айналысып жатқанын айтыпты. Яғни Ren-TV телеарнасының басшылығына  ресми хат  дайындалған. Нұржан Айтмаханов: "Олар мәселесін мән-жайын түсіндіріп беруі тиіс. Егер ақпарат өтсе, оны жоққа шығарып, мәлімдеме жасауы шарт", - дейді.

Аталған арнада сюжетте айтылған оқиға 22 тамызда болған. Шақырту бойынша келген дәрігерлер бригадасы Rolls-Royce автокөлігінің жолын бөгеген. Шетелдік көліктің иесі жанжал шығарып, "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан. Rolls-Royce қожайынына бірнеше ер адам көмекке келеді. Олардың әрекетінен жүргізушіге араша түскен фельдшер де таяқ жеп қалды. 26-27 тамыз күндері көрсетілген "112" бағдарламасында журналистер Rolls-Royce иесі туралы толық әңгімелемек болып, сюжеттегі күдіктінің Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны деген,  күдікті ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті көрсетіліп, ал кадр сыртындағы жүргізуші "Міне, мынау – астананың (Мәскеудің) 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов" деп дауыстаған. Тіпті журналистер "қазақстандық бизнесменнің үйіне милицияның жиі келетінін" айтып, көршілерінің Rolls-Royce қожайынын "қызуқанды қазақ" деген пікірін көрерменге ұсынған.

Қазір ҚР СІМ аталған Жомарт Қаменов есімді қазақтың қай елдің азаматы екенін анықтап жатқан көрінеді.

Қамшы-ақпарат

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар