NASA: 2018 жылдың күзіне дейін Марсқа арналған зымыран ұшырылады

/uploads/thumbnail/20170708153755545_small.jpg

NASA  (АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы) ғарышкерлерді астероидтерге немесе, тіпті, Марсқа жеткізетін зымырандарды 2018 жылдың қараша айына дейін ұшырады. Бұл туралы осы ұйымның баспасөз қызметі хабарлаған.

Tengrinews.kz-тің жазуынша бұндай қадам Space Launch System атты жаңа жүйенің аясында іске асырылмақ. Ол астронавтар мен жүкті Жер орбитасы шегіне жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйені іске қосу - Марсқа жасалатын алғашқы экспедицияның басы. Бұл турасында: NASA басшысы Чарльз Болден: "Біз адамзатты Марсқа жеткізетін ғылыми-адами зерттеулер жолында тұрмыз. Біз бұл жолға әкелетін зымыран тасығыштар мен басқа да көмекші жүйелерді жасау идеясына нық сеніммен қараймыз", - дейді.

Алғашқы сынақ ұшырылымына салмағы 70 тонна болатын шағын жүгі бар зымыран тасығыш пен жалпы салмағы 143 тонна болатын ауыр жүгі бар зымыран пайдаланылады. 70 тонналық зымыран тасығыштың құны 7 млрд доллардан асады.

Айта кететін болсақ, Марс – күн жүйесіндегі жерге ең жақын орналасқан ғаламшар. Адамзат баласы жарым ғасыр уақыт бұрын алғаш ғарышты меңгеріп, айға табанын тигізді. Сол уақыттан бері ғалымдар Шолпан мен Марсқа жету туралы ізденіп келеді. Жердің Марспен ара қашықтығы егер жер Күн мен Марстың дәл ортасына келер болса 55,76 млн км-ді құрайды.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар