Электронды жайнамаз – кәміл иманның бастауы

/uploads/thumbnail/20170708153800597_small.jpg

Бір жарым ай бұрын порталымызда құран сүрелерін дұрыс оқуға тәрбиелеп, намаз үйрететін электронды жайнамаз туралы жазған едік. Намаз үйренуге өте тиімді заманауи жайнамаздың артықшылығы - тұңғыш рет қазақтың ұлттық ою-өрнегімен өрнектелгендігінде. Аталмыш ұлттық өнімге қалың жұрт көптеп қызығушылық таныта бастаған. Кеше, 27 тамыз отандық теле арналардың бірі «31 арна» жаңалықтарында бұл жайнамаздың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы баян етілді.  Жайнамазды жасаушы  Алханбай Сатыбалдыұлының айтуынша, бұл жайнамаз арқылы намаздың үкімдерін шариғатқа сай толымды орындауға болады. Яғни Намазхан сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай физиологиялық тұрғыда денсаулыққа да пайдалы етіп жасай алады. 

Қаптаған миссионерлер мен адастырушы дін өкілдері келіп, ата діні ислам атын жамылып, жастарымызды өзге ағымдарға бұрып жатқанын көзіміз көріп отыр. Оған дәлел кейбір қаракөздеріміздің қолына қару алып Таяу шығыстағы соғыста «жиһад» жасап жүргені. Осының бәрі иман шарттарын дұрыс түсіне алмаған, намаз шартын дұрыс ұғынбаудың және орындай алмаудың кесірі. Төріңізде бір электронды жайнамаз тұрса қатесіз намаз оқып, тура дін ұстанатыныңыз анық. Электронды жайнамаз сіздің иманыңыздың кәміл болуына қызмет жасасын.

Қатысты Мақалалар