Серік Әбікен. Неге Түркіменстанды мысал етпейміз...

/uploads/thumbnail/20170708153800068_small.jpg

Бензин қымбаттап еді Үкіметіміз одақтас Беларусь пен Ресейді көлденең тартып ақталды: Оларда жанармай литр 160 теңге шамасында! Әлемдегі Канада, Норвегияларды мысал етті. Неге олар? 1 литр бензин 0.01 цент тұратын Венесуэлланы, бәріміз күле қарайтын, соған қарамастан 36 теңгеге бензин сатып отырған Түркіменстанды, немесе, жанармайы бізден 20 теңгеге арзан тұратын Әзірбайжанды неге мысал етпейді? Тасбақа позициясын ұстанғандай көрінетін Өзбекстанда жанармай бізден 5 теңгеге арзан! Соноу Африкадағы, Каддафиі қорлықпен өлген Ливияда бензин литрі 21 теңге?! Оларда мұнай көп шығар, ал бізде аз ба? 17 млн. халқы бар Қазақстан жылына 80 млн тонна мұнай өндіреді. Соның 68 млн-ын сыртқа сатып жібереді! Сосын жанармай жетпейді деп сырттан бензин сатып алады. Мәселе осында болар? Басекеңдер бизнеспен айналысқанын қойса бәрі орнына келер еді...

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

“Қамшы” сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар