Алматыда физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын №178 мектептің жарнамасы керемет. Алайда, оның жемқорлық оқиғалары күн өткен сайын асқынып барады. Биыл менің бір танысым баласын 5-ші класқа беру үшін, құжаттарын өткізеді. Алдында отырған хатшы қыз апай, 70 мың теңге төлеңіз мектепке көмек ретінде депті, апай ақшасы жоғын айтып, балам әуелі конкурстан өтіп алсын деп кетіп қалады. Конкурс болады деген күні келсе, "конкурс" әлдеқашан өтіп кеткен деп қарап отыр дейді. Тек ақша бергендерді ғана қабылдаған. Енді сол мектептің атынан делдал боп жүрген біреу жаңағы адамнан мың доллар сұрайтын көрінеді. Аты-жөнін атаудан қорқады дейді. Не сұмдық, магистратураға түсу үшін 2000-5000, доксторантураға түсу үшін 5000-10 000 доллар төлеу керек, әлдекімдердің қалтасына. Сонда тәуелсіз Қазақстанның білімі қайда бара жатыр.

Есенгүл Кәпқызы. Facebook-тегі парақшасынан алынды