Алматыда АИ-95 бензині тек талонмен сатыла бастады

/uploads/thumbnail/20170708153801877_small.jpg

Алматы қаласында бүгін, 28 тамыздан бастап АИ-95 маркалы бензин де тек талон арқылы сатыла бастаған. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясына қарасты мұнай өнімдерін сату департаментінің өкілі мұндай шектеу тек Алматы қаласына қатысты екенін айтқан.

Айта кететін болсақ, бірнеше апта бұрынғы ҚР Мұнай және Газ министрі Ұзақбай Қарабалинның  «жанармай бағасы өспейді» деген сөзі жалған болып, тамыздың 21-і көп өтімді жанармай түрлерінің бағасы 10-15 пайызға қымбаттаған болатын.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар