НАНЖИҢ-2014: Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алды

/uploads/thumbnail/20170708153802834_small.jpg

Қытайдың Нанжиң қаласында жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға - Қытай (38 алтын, 13 күміс, 14 қола жүлде), екінші орынға - Ресей (27, 19, 11) және үшінші орынға АҚШ командасы (10, 5, 7) жайғасқан.

Қазақстан барлығы 8 медальға ие болып (3 алтын, 1 күміс, 4 қола), байрақты бәсекені 21-ші орынмен аяқтады.

Қазақстан сапынан жүлдегер атанған спортшылар тізімі:

Бауыржан Жауынтаев (дзюдо) - 1 орын

Абылайхан Жүсіпов (бокс) - 1 орын

Қуатбек Мұхамбет (еркін күрес) - 1 орын

Вадим Казаков (бокс) - 2 орын

Евгений Поливадов (грек-рим күресі) - 3 орын

Жасұлан Қалиев (ауыр атлетика) - 3 орын

Татьяна Капустина (ауыр атлетика) - 3 орын

Виктория Гуслякова, Амина Қожахат, Нұрай Құмарова, Дарья Медведева, Әлия Молдахметова (көркем гимнастика, топтық жарыс) - 3 орын.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар