«Манчестер Юнайтед» қайта оралды

/uploads/thumbnail/20170709215628338_small.jpg

Кеше ғана атақты "Уэмбли" стадионында Англия Лига кубогының финалы өтті. Турнирде жеңіске жету үшін біршама тер төккен "Манчестер Юнайтед" пен  "Саутгемптон" футбол клубтарының жолы финалда түйісті. Ойын бастала салысымен екі команда алма-кезек шабуылдар ұйымдастырды. Кездесудің 15-минутында Саутгемптонның тіреуші жартылай қорғаушысы Ориоль Ромеу Манчестер Юнайтедтің жартылай қорғаушысы Андер Эррераға қарсы тәртіп бұзып, өз командасына қауіпті жағдайды алып берді. Златан Ибрагимовичтің шірене тепкен добы, тоғыздыққа топ ете қалды. Есеп 1-0. Манчестер ойынның 38-минутында есепті еселеді. Роходан пас алған Хуан Мата допты Марсьялға жеткізді. Марсьял Лингардқа нәтижелі пас шығарды. Есеп 2-0.

      Тәуекелге бел байлаған "Саутгемптон" футболшылары ойынның 45-минутында есеп айырмасын 2-1 қысқартты. Габьядини Де Хеадан айласын асырды. Екінші таймға ширақтықпен шыққан "Саутгемптон" футболшылары 48 - минутта есепті теңестіріп кетті. Міне, керемет ! Габьядини дубль авторы атанды. Кездесудің 64 - минутында кезекті бұрыштамадан көтерген допқа бірінші жеткен Ориоль Ромеудің соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Сен соқпасаң, саған соғады. Кездесудің 88-минутында сол жақ қапталдан зулап шыққан Антонио Марсьял, допты Эррераға жеткізді. Эррера əуелетіп керемет пас асырды. Допқа бұрын жеткен Швед Златан Ибрагимович есепті 3-2 жеткізіп, жеңісті жұлып Әперді. Осылайша, команданы Жозе Моуриньо баптағалы "қызыл сойқандар" 2-ші трофейлеріне қол жеткізді. Сондай ақ Жозе Моуриньо өз командасымен 4-рет Англия Лига кубогының финалына шығып, барлығында жеңіске жеткен. 

 

Бейбарыс Жұмабай

Қатысты Мақалалар