АҚШ президенті «Оскар» жүлдесін тапсыру рәсіміне байланысты өкінішін білдірді

/uploads/thumbnail/20170709215646723_small.jpg

 Дональд Трамп "Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімінде болған дауға қатысты өз пікірімен бөлісті. АҚШ президентінің айтуынша, "Лучший фильм" номинациясының жеңімпазын жариялағандағы қателіктің түбінде саясат жатыр, - деп жазады Breitbart News. 

Сондай-ақ, Трамп осы қателік үшін  "Оскар" жүлдесінің беделінің де түсіп қалғанын айтты. «Мен осы уақытқа дейін бірнеше "Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімдерінде  болдым. Бірақ бұл жолғы марапаттау рәсімінің бұлай болғаны өте өкінішті. Рәсім ойдағыдай өтті деп айта алмаймын", - деді АҚШ президенті.
 

Еске сала кетейік, кеше, 27 ақпанда "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өтті. Алайда салтанатты іс-шара жанжалмен аяқталды. Бастапқы кезде «Оскарды» «Ла-Ла-Ленд» мюзиклі алғаны хабарланып, түсірілім тобы сахнаға шығып, алғыстарын жаудырып жатқанда, ұйымдастырушылардың бірі сахнаға шығып, қателік болғанын айтып, «Лунный свет» фильмін «Жыл картинасы» номинациясында жеңіске жеткенін хабарлады. Бірнеше минут бойы сахнада тыныштық орнады. Сахнадағылар мұны әзіл деп ойлады. Алайда жүргізушінің жеңімпазды қателесіп айтқаны белгілі болды.

Қатысты Мақалалар