АҚШ пен Батыс: Ресей шапқыншылығына шара қолданамыз

/uploads/thumbnail/20170708153807735_small.jpg

НАТО өкілі кешенді түрде қаруланған, аз дегенде 1000 Ресей әскері Украина территориясына кіргені және олардың Украина күштерімен тікелей кезіккені туралы мәлімдеді. НАТО тараптың айтуынша, қазірдің өзінде Украина шекерасында 20,000-нан артық Ресей әскери күштері жүр. Ал, Киев бүгін 100 танкті, кешенді қаруланған әскери көліктерді және зымыран кешендерін қамтыған Ресейдің қарулы керуені Украина территориясына басып кіргенін жариялады. Украина президенті осыған байланысты Түркияға сапарын да күшінен қалдырғаны мәлім. Осындан кейін, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі де РФ-ның Украинаға әскер кіргізуіне байланысты шұғыл отырыс өткізген. Бұл туралы Британ елшісі Марк Лиолл Грант: « Ресей не үшін қарулы күштерін Украина территориясына кіргізгенін түсіндіретін болады. Қазір Ресей әскерлерінің Украина территориясында жүргені анықталып отыр»,-дейді. «Ресей Украина территориясына жібреген SA-22 сияқты ең жаңа әуе қорғаныс жүйелері және ультра-заманауи жабдықтары қазіргі ұрыста ашық қолданылып жатыр»,-деген АҚШ жағы Ресейдің осы жолғы көпе-көрнеу шапқыншылығына шара қолдану керек екендігін мәлімдеді.

EU-Flags

Ал, Украина тарапы осы шұғыл жағдай туралы Еуроодақ елдерінен «зор көлемді» әскери қолдау сұрап отыр. Еуроодақ Украина топырағында Ресей күштерінің жүруі туралы « қатты алаңдаулы»  екенін мәлімдеді. Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ресей танкілерінің Украина шекарасынан баса көктеп кіруі « мүлдем қабылдауға келмейтін және заңсыз» шапқыншылық деп айыптады.  Британ премьері Уладимир Путин қарулы күштерін шегіндіріп әкетпесе, «салдарының» қиын болатынын айтуда. Украина жағдайына қатысты қатты алаңдаушылығын білдірген ол бұл заңсыз әрекетті жедел тоқтату керектігін айтады. Келер аптада Уэльста өтетін НАТО-ның саммитында өзінің одақтастарымен осы мәселе төңірегінде шешім қабылдайтынын мәлімдеген. «Ресейдің оңтүстік-шығыс Украинаға зор көлемде басып кіргені туралы айғақтамалар мен дәлелдемелер мені қатты алаңдатып отыр. Бұл көршілік пен егенмендікке қатер төндіргендік»,-дейді ол.  

Талғар Дәлелғазы

Қатысты Мақалалар