Кремль Украинаға «кіріп» барады

/uploads/thumbnail/20170708153806774_small.jpg

Украина қарулы күштерінің өкілі бүлікшілердің туын асқан 10 танкі мен екі бронетранспортердің Ресейдің отңтүстігіндегі шекарадан Украинаға өткендігін мәлімдеген.

Бұл туралы солтүстіктен 120 километр қашықта жүрген батыс журналистері де Донецктің терістігінде болған қиян-кескі ұрысқа куәгер болғанын жазады. Ұрыс майданының жағдайы жөнінде: «Қаланың солтүстігіндегі елді мекендерде жарылыстар болып, түтіндер будақтап жатыр»,-дейді Батыс журналистері. Украина қарулы күштерінің ақпаратынша, өткен 24 сағаттық ұрыста 4 әскер қаза тауып, 31 әскер жараланған.

Бұл қақтығыс Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей басшысы Владимир Путиннің бірнеше айдан бері бірінші рет Минскіде кездесуіне тұспа-тұс келіп жатыр дейді олар. Кремльдің дүйсенбідегі тағы бір реткі гуманитерлық көмекті ұйымдастыратыны туралы мәлімдемесінен кейін, осы жолғы кездесудің салмағының ауырлағанын жазады AFP журналистері.

Украина и Россия согласовывают стандарты качества TOPLogist

«Ресей 230 жүк көліктері 1800 тонналық «гуманитарлық көмгін» Ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы Луганск қаласына Қызыл Кресттің еш араласуынсыз жіберді. Мұны Киев жағы «тікелей шапқыншылық» деп айыптағанымен, жүк көліктері Ресейге ың-жыңсыз қайтып үлгерді»,-дейді AFP.  

Дүйсенбідегі шакара маңындағы қақтығыс жайында қарама-қарсы мілімдемелер айтылуда. Қалашыққа жақын маңдағы бір жергілікті тұрғынның AFP-ға телефон арқылы берген ақпараты бойынша, шекаралық аумақтан жарылыстардың дауысы анық естіліп тұрған. Алайда, Ресей сыртқы істер министрі Лавров бұл айтылымды терістеп: «Мен бұл туралы ештеңе естімедім, алайда, онда біз туралы жаңсақ ақпараттар жеткілікті. Бұл жайында шетелдің БАҚ-тардың осы «жаңалықты» ертең жариялайтынына еш күмәнім жоқ»,-дейді.   «Егер, бұл қақтығыс нақтыланар болса, онда бұл серпін алған бүлікшілердің Киевтің бақылауындағы территорияларға жаңа соққылар бере бастағандығының айғағы есептелмек»,-дейді AFP.   

Қатысты мәліметтерге негізделгенде, төрт айдан артық уақыттан бері жалғасып келе жатқан бұл ұрыста 2,200 адам қаза тауып, 400,000 адам баспанасын тастап, босып кеткен, ал, бүлікшілер бақылауындағы қалаларда қалған тұрғындар апталап сусыз, жарықсыз қалған.

 

Талғар Дәлелғазы

Қатысты Мақалалар