Белгілі кәсіпкер, ұлтшылдығымен қазақ қоғамына жақсы таныс Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-тегі парақшасында төмендегідей бейне материал жариялады. Видеоға назар салсаңыз Владислав есімді өзге ұлттың өкілі Қазақстан азаматы бола тұра көлігіне Ресейдің мемлекеттік туын тағып алған. Мұхтар Тайжан мырза тұрып жатқан елін бұлайша сыйламаған азаматпен батыл сөйлесіп, өзге елдің жалаушасын алдырып тастайды және көлігіне Қазақ елінің туын тағып жүруге кеңес береді. Біз Мұхтар мырзаның ісіне ризашылық білдіре отырып, Қазақстанның кез келген азаматы Мұхтар Тайжаннан үлгі алса дейміз.