НАТО Шығыс Еуропада бес жаңа әскери база ашуды жоспарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Ақпаратқа сай, НАТО жаңа базаларда шұғыл әрекет ететін әскери құрамдағы 4000 адамды орналастырады. Мұндай әрекет арқылы НАТО өз мүшелігіндегі елдерді Ресейден келетін қауіптен сақтауды қарастырады. Жуырда ғана НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянстың Шығыс Еуропада жаңа база ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Украинадағы жағдайға байланысты қорғанысты күшейту үшін НАТО-ға мүше жеті елдің жаңа шұғыл әрекет ету күштерін құрғалы отырғаны да хабарланған, бұған Дания, Латвия, Эстония, Литва, Норвегия және Нидерланды да қатысады. Сонымен қатар жаңа бірлестікке кіруге Канада да қызығушылық білдірген. НАТО-ның басты мақсаты - бірлескен экспедициялық, шұғыл әрекет ететін және жиі оқу-жаттығу жұмыстарын өткізетін жаңа күш құру. Одаққа кіретін әскерилердің саны 10 мыңнан асуы мүмкін.

Ал Ресей НАТО-ның жаңа әскери одақ құруы еуроатлантикалық тұрақтылықтылыққа зардап тигізетін айтып, өзіңнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында НАТО-ның шығыстағы әрекеті үшін жауап қайтарады деп уәде берді. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу өзінің америкалық әріптесі Чак Хейгелмен әңгіме барысында айтқан.
Қамшы-ақпарат