Соңғы 10 жылда ТМД аумағында ақпараттық соғыс тоқтаған емес. Бір таң қаларлығы, Қазақстан үкіметі соның бәрін көре тұра, халықаралық деңгейде ақпарат тарататын отандық не телеарна, не агенттік не сайт ашпады (шет елдіктерге орысша сюжет көрсететін Kazakh TV жайлы молчу)
Украинадағы жағдаймен Кремль ақпараттық құрал арқылы миллиондарды жоқ жерден ақымақ та, партиот та қылуға болатынын дәлелдеді. Қазақстанның халықаралық ақпараттық ағынында ұтылып жатқанын Президенттің Ұлытаудағы сұхбаты тағы бір айқындады. Ниет ізгі болғанымен, нәтиже басқалай болды:
- Бұл сұхбат қазақтарға арналды, сұхбаттың мәні "қазақтар, бар мәселелеріңді білем, бірақ жағдай күрделі, амал жоқ, осылай істеуге мәжүрбіз" еді. Оны қазақтар түсінгендей болды.
- Дегенмен орыс тілді сайттар тек "қазақ тілін талап ете берсек, біздің елде де Украинадағы жағдай орын алуы мүмкін" деген ойды ғана кесіп алып, барынша айналдырды. Бұл орыстардың "Президенттерің солай деп жатыр, енді тыныш отырыңдар" дегені еді. Алайда Елбасының ол ойы сұхбатта маңыздылығы жағынан 10 не 11-ші сияқты көрінді маған
- Ресейлік сайттар "Қазақстан Еуразиялық Одақтан шығуы мүмкін не шыққалы жатыр" деген тақырыпты бадырайтып таратты. Президент бұл жерде тек үш елдің арасындағы келісімнің бір пунктын ғана атап өтті. Яғни, тәуелсіздікке қауіп төнсе ұйымнан әбден шығып кете аламыз деді. Дегенмен, бұл сөздер Астанада ресми орган, президент тарапынан мамыр айында бірнеше рет айтылды. Сол кезде ешкім естімей қалып, қазір ресейліктердің қазақша түсініп, осы ойды қайта-қайта жариялануы кімге керек?
- Ең өкініштісі, кейбір қазақстандық сайттар еш ойланбастан немесе әдейі сол рейсейліктердің мақаласын өзгелерден кешігіп қалмас үшін айна-қатесіз көшіріп басып беріп жатты. Сол кезде олар Кремльдің тегін көмекшісі болып жатқанын білді ме екен?
-Қысқасы, Қазақстан үкіметі ақпарат алаңында одан әрі ұтылғысы келмесе, бізге шабуылдар, акциялар жасалғанда өз деңгейінде жауап бергісі келсе, онда шынайы ірі халықаралық БАҚ керек. Оның орыс, испан, қытай, ағылшын тілдерінде жұмыс істеуі міндетті. Оның ақпаратты қазақстандық көзқараспен жазатын кемінде 10-15 мемлекетте өзіндік тілшісі болуы міндетті! Әйтпесе, сол күйі ұтылғанымыз ұтылған, "Первый каналға" сенгеніміз сенген.
P.S.
1.Ресей-Грузия қақтығысынан соң 2009ж дипломдық тақырыбым ретінде Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін алған едім, маңыздылығы енді жойылмас деп
2,Сол жұмыста шабуылдардан қорғану үшін ең болмағанда аймақтық ірі ақпараттық агенттік құруды ұсынғам (егер шығыны көп болса, хотя бы Орта Азияға тарайтын)
3.Сол жұмысымды біреу пысқырып, өзімнен басқа пенде (билігі мен миы бар) оқығанда, қазіргі ақпараттық жағдай мүлдем басқа болар ма еді : - )))))))) сол 60 бетті ғылыми жетекшім де оқымағанына сенімдімін )))
Нұрмұхаммед Байғара. (Facebook-тегі парақшасынан.)