Ұлы Британия жиһадқа кеткендерді азаматтығынан айырмақ

/uploads/thumbnail/20170708153845666_small.jpg

Ұлыбритания билігі Ирак пен Сирия жерінде соғысып жүрген жиһадшы британдықтарды уақытша елге кіргізуге тыйым салуы мүмкін, бұл туралы ҚазАқпарат жарзды.

Мәліметтер бойынша, террорлық актке қатысы бар деген күдікке ілінгендерді британ азаматтығынан айырмайды. Алайда, билік шекарашыларға Ирак не Сирия еліне ол жақтағы лаңкестік топтарға қосылу ниетімен аттанғалы тұрған экстремистік ниеттегі азаматтардың төлқұжатын алып қоюға құқық бермек.

Естеріңізге сала кетсек былтырғы жылдың күзінде және биыл көктемде Сирия жерінде соғысып жүрген қазақтардың видеосы интернетте таралды. Қоғам тарапынан үздіксіз дабыл қағылып жатса да Қазақстанның құзырлы орындары соғыста жүрген қазақтардың нақты саны қанша екенін анықтай алмауда әрі азаматтардың жалғасты шекара асып кетпеуін қадағалай алмай отыр.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар