Қытайдың ең үлкен «Тың шун» сайтында жарияланған бұл мақала «Шыңжаңның «Чие мо» ауданында аз ұлттар мен қытайлар үйленсе жылына 10 мың юан сыйлық беріледі» деп аталыпты. Біз мақаланың ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.
«Әр ұлттың тілінде, дінінде ұқсамастықтар болғанымен, бір аспанның астында, бір топырақта жасап жатқандықтан адамдар арасында махаббат сезімі туындайтындығы сөзсіз. Аз ұлттар мен қытай ұлтының үйленуі Жұңго мәдениетін тіпті де дамытып, ұлттар мен ұлттар арасындағы бір-біріне түсіністікті, бір-біріне құрметті, ынтымақтастықты арттырады. Сол арқылы бір-бірінен үйреніп, баянды дамуға қол жеткізеді.
25 тамызда «Чемо» ауданының «Женкул» ауылының басшысы Ясын Насыр
Аз ұлттар мен қытайлардан құралған отбасына мемлекет тарапынан сыйақы берілуі керек деген бастама көтерді.

Нақты айтсақ, аралас некеден туылған балалар Қытай мемлекетінің барлық қамқорлығынан игіліктеніп, әлеуметтік жағдайы бойынша түгелдей қаматамасыз етіледі. Айталық, мектепті тегін оқу ғана емес қаржылай сыйлыққа(3000 юан) ие болады. Ал университетке оқуға түссе жылына 5000 юаннан жоғары сыйақыға қол жеткізе алады. Некеленген отбасы мемлекет тарапынан 5 жыл бойы жылына 10 мың юаннан қаржылай көмек алады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің білім деңгейіне қарай әртүрлі қызметке орналастырылады. Тегін медициналық қызмет көрсетіліп, 3 жылдан ары тұрақты некеде тұрушыларға тұрғын үй беріледі».
Айтпақшы, бұл жеңілдіктер негізінен мұсылмандарға тиген қытай қыздарының отбасына жасалады екен...