Үкіметтің халықаралық банктерге қарыз көлемі 4 млрд. АҚШ доллары

/uploads/thumbnail/20170708153914883_small.jpg

Қазақстанның халықаралық банктер алдындағы қарызы 4 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры Қуат Ақжанов мәлім еткен. ҚазАқпараттың хабарлауынша, департамент директоры өз сөзінде: «2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықаралық банктер (Халықаралық даму және қайту құру банкі, Азиялық даму банкі, Еуропалық даму банкі, Ислам даму банкі) алдындағы мемлекеттік (үкіметтік) қарыз 4 млрд. АҚШ долларын құрады немесе Үкіметтің жалпы сыртқы қарызынан 81,3 пайызды қамтыды», — деді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 4 833,4 млрд. теңге(26,3 млрд. АҚШ доллары). Мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үкіметтік қарыздың үлесі 99,5 пайызды қамтиды. Қ.Ақжановтың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі шектен аспаған. Үкіметтік қарыз деңгейі мен өтеу ағымы қауіпсіз деңгейде.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар