Жапония үкіметі толықтай отставкаға кетті

/uploads/thumbnail/20170708153915418_small.jpg

Жапония министрлер кабинетінің мүшелері үкімет басшысы Синдзо Абэге отставкаға кету туралы өтініш білдірген. ҚазАқпараттың жазуынша  Премьер-министр Абэнің пайымдауынша, үкімет құрамын өзгерту олардың жүргізген экономикалық саясатына, әлеуметтік және саяси реформаға жаңа серпін беруі тиіс.

Соңғы үкімет соғыстан кейінгі тарихта ең ұзақ жұмыс жасады: 2012 жылғы желтоқсан күні құрылғаннан бастап 617 күннің ішінде бірде-бір министр өз лауазымынан босатылған жоқ. Жанжал немесе ішкі келіспеушілік салдарынан отставкаға кету жағдайлары орын алмаған. Бүгін Жапонияда жаңа кабинет құрамы жарияланады, ол Жапония императоры Акихито бекіту рәсімін өткізгеннен кейін ресми өкілеттікке ие болады.

Қамшы-ақпарат

 

 

Қатысты Мақалалар