Путин Баррозуға жаңа санкциялармен арандата алмайтынын айтып қыр көрсетті, бұл туралы korrespondent.net ақпараттық сайты жазды. Итальяндық Repubblica.it басылымы РФ Президенті Путинның Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэль Баррозуға «Киевті екі апта ішінде ала алатыны» туралы айтқанын жазған. Басылымның жазуынша Донбасстағы шиеленіскен жағдай Еуроодақ елдерінің Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуін талап етеді.

Басылым тілшілерінің сөзінше, Венгрия, Словакия және Кипр елдері Ресейге санкция салудан қорқады. Себебі аталған елдердің өз экономикасы да құлдырап кетуі мүмкін. Балтық елдері болса, Еуропаға жақындау үшін Ресейшіл сеператистерге қарсы тұруына көмек ретінде Украинаға қару-жарақ жөнелткен. Осы уақытта, Украинаға Ресей әскери күштерінің кіруіне алаңдаушылық білдірген Еуроодақтың алаңдаушылығы туралы Баррозудың сөзіне, РФ Президенті Путин қоқанлоқы көрсетуге басып: «Егер, қаласам Киевті екі-ақ аптада аламын», - деген.
Еурокомиссияның 11 төрағасы Жозе Баррозу, айтқан сөзіне байланысты Путинды «жаңа санкциялармен қысым көрсетуге де тұрмайтын» Президент деп атады.
Біраз уақыт бұрын Путин Украина билігінің сеператистермен екіжақты ұтымды диалог құра алмағанын сынаған еді.
Қамшы-ақпарат