Осы жұрт Шақабай есімін біле ме екен?

/uploads/thumbnail/20170708153941907_small.jpg

Шақабай Есентайұлы 1688 жылы туып, 1778 жылы 90 жасында, Шығыс Қазақстан обылысы Тарбағатай ауданында дүние салған.  Батырдың қабірі Тарбағатай 0тауының солтүстік  етегі, Дондағұл тауымен, Шақабай қызыл тауы аралығындағы Елекең сазы деп  аталатын байырғы ата мекенінде, Тесіп аққан бастауы басында жатыр. Батырдың туған жері - бір деректерде Қызылорда облысындағы  Сырдария бойы делінсе, енді бір айтылуда Тарбағатай өңірі делінеді.

Шақабай Есентайұлы туралы видео

Ер Жәнібектей жолбарыс жүректі ұландарды қылыштасу және найзагерлік өнермен жетілдірген, егей еңбектің арқасында талай соғыстың жеңіс туын аспанға желбіреткен Шақабай есімі - Абақ Керей ішіндегі Жәнтекей руына ұран болған. Батырдың ұрпақтары да өз замандарында халық бостандығын жоқтап өтті. Ізғұтты Жанбалаұлы, Халифа Алтай, Қақыпұлы Нұрғожай батыр, Дәлелхан Жанымқанұлы, Мұса Тұрғынбайұлы, Ырысқан Ноғайбайұлы сынды ел намысын көтерген заматтар әне солардың бірі еді.

90 жыл ғұмыр кешкен батырдың артында оның ерліктері мен даналықтары туралы аңыз көп. Біз ұрпақтың ұлағаты мен ұлтына қызметі батыр бабалар ерлігіне сай болса екен дейміз.

Нұрбақыт Атанұлы                         

Қатысты Мақалалар