Ресейде «Антимайдан» науқаны жүріп жатыр

/uploads/thumbnail/20170708153958325_small.jpg

Ресейдің аймақтарында еріктілер «Антимайдан» топтарын құрып жатыр. Олардың мақсаты билікке көмектесіп, оппозицияның халықты арандатуына қарсы тұрмақ екен, бұл туралы Азаттық радиосы жазды. «Антимайдан» құрушылар Ресейде «Майдан» ұйымдастыруды көздегендерге сақ болу керек екенін айтады. «Халық жасақтары» билікке жәрдемдесіп, Украинада биліктің ауысуына ықпал еткен «Майдан сценариін» Ресейде болдырмауға тырысады.

«Антимайдан» еріктілер тобы 10 адамнан құралады және топты басқаратын бригадирі болады. Еріктілер топтары жаңадан құрылған «Антимайдан кеңесі» жанынан ашылады. Бұл кеңес Ресей әскери және арнайы күштерінің ардагерлері мен белсенділердің, православ азаматтар одағы өкілдерінің басын біріктірген ұйым.  «Известия» газеті еріктілерді «құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста қызмет етеді» деп жазған. Олардың дерегі бойынша, кеңес төрағасы Евгений Шабаев «Антимайдан» топтарының Украинамен шектесетін және орталық аймақтарда жұмыстарын бастай беретінін, болашақта мұндай топтардың Ресейдің барлық аймақтарында құрылатынын айтқан. Шабаев еріктілердің міндетін нақты түсіндірмеген. «Конституциялық құрылым мен үкіметті биліктен тайдыруды көздейтін Батыс ықпалына қарсы тұру үшін орыс халқын ақпараттандыру» жолында қызмет етеміз дейтін ​Кеңес, үкіметке қарсы белсенділердің қыркүйектің 14-і күні өтетін жалпыұлттық аймақтық және жергілікті сайлаулар кезінде ел ішінде дүрбелең тудырып, көше шерулерін өткізуі мүмкін екенін ескертті. Сондықтан олар үкіметтің мүддесін қорғайтын балама шерулер мен шаралар өткізбек. Кеңес мүшелері – Ресей барлау қызметінің ардагерлері мен Ресей православ азаматтары одағының жетекшілері, заң шығарушылар, Оңтүстік казактар ұйымы мен «Ночные Волки»  («Түнгі қасқырлар») мотоклубының өкілдері. 

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар