НАТО Украинаға көмек қорларын құрады

/uploads/thumbnail/20170708153959003_small.jpg

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "Мәскеу егер Украинаның ішкі ісіне киліге беруін тоқтатпаса, халықаралық қауымдастық Ресейге қатаң санкциялар салуы тиіс" деп мәлімдеген. Азаттықтың жазуынша, НАТО бұған қоса, Украинаның өзін қорғауына 15 миллион еуро көлемінде көмек беретін (шамамен 20 миллион АҚШ доллары) төрт қор құрылатынын жариялады.

Расмуссен қорлар Киевтің тылдағы қажеттіліктеріне, киберкеңістігін қорғауына, жараланған жауынгерлерін емдеуіне және әскерге басшылық жасау жұмыстарына көмектесетінін айтқан. Оның сөзінше, НАТО Украинаның қорғаныс саласы реформаларына кеңес беріп отырады, бірақ қару-жарақ жеткізбейді. Сондай-ақ НАТО мүшелері Украинаға қосымша қаржы беруге міндеттелген.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар