Ресей Украинадан кондитерлік өнімдерді кіргізуге тыйым салды

/uploads/thumbnail/20170708154000920_small.jpg

Бүгін, жұмадан бастап Ресей территориясына Украинадан кондитерлік өнімдер кіре алмайды. BBC-дың жазуынша, шешімді шығарушы ведомство бұндай талапты өнімдердің маркасында заң бұзушылық бар болғандығы үшін деп түсіндірген. Яғни, Украинаның АО "ПО "КОНТИ" және "АВК" компаниясы өнімдері тұтынушылар құқығын қорғау талаптарын бұзады екен.

Бұдан бұрын Ресей Украинадан спиртті өнімдерді, сүт өнімдері мен шырынды, сондай-ақ балық консерволары мен көкөніс өнімдерін өз аумағына кіргізуге тиым салған еді. Сонымен қатар Украинаның  жүгері ұны, шошқа еті, ас бұршақ, картофель, күнбағыс өнімдері де Ресейге кірмейді.

Украина бұны бір жақты шешім және Ресейдің бізге ашқан сауда соғысы деп санайды. Естеріңізде болса, кеше ғана Еуроодақ елдері Ресейге үстеме санкциялар салған болатын. Оның ішінде Ресейдің ұлттық компаниялары және бірнеше банктерімен әріптестікті тоқтату туралы шешімдер бар.  

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар