Украина қорғаныс министрі: Ресей Украинаға ядролық қару қолданбақшы

/uploads/thumbnail/20170708154013216_small.jpg

Бірнеше күннің алдында Украина қорғаныс министрі Валерий Гелетей өзінің фейсбук парақшасында Киев Шығыс Украинадағы бүлікшілермен арадағы соғысты жалғастырғанын тоқтатпаса, Ресей тараптың ядролық шабуыл жасайтындығы туралы қоқанлоқы жасағанын жария еткен еді . «Мәскеу бізге дөңайбат көрсетуде. Егер, біз бүлікшілермен соғысты тоқтатпасақ, Мәскеудің бізге техникалық ядролық қару қолдануға дайын екендіктерін Ресейдің ресми емес телеарналары арқылы бізге ескертіп үрей салуда» ,-дейді Украин министрі.

5973568e139eadb82a8e0e99dd422c2a1-300x200 Ол тағы Кремльдің Украинадағы «гибридтық соғысының» аяқталып, енді « толықтай шабуылға» өткенін айтқан. Дүйсенбі күні Украина қорғаныс министрі Валерий Гелетей фейсбугінде Шығыс Украинадағы қайшылықтың соңы сұрапыл соғысқа ұласқанын, ал, Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтын жағдайға толқытай дайын күйде тұрғанын айтқан еді. 3180935-novyj-ministr-oborony-valerij-geletej-b«Екінші Дүниежүзілік Соғыстан бері Еуропаның есігін қақпай кеткен бір жойқын соғыс табалдырықтан аттағалы тұр ... Біз Ресейге қарсы қуатты қорғанысты жүргізуіміз керек»,-дейді ол. Ал, Ресей қарулы күштері қыркүйек айында Алтай өңірінде, Қазақстан шекарасына жақын аймақта үлкен әскери жаттығу өткізбекші екендігін бірнеше күннің алдында Ресей стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері қолбасшылығының өкіліне сілтеме жасаған ресейлік "РИА Новости" агенттігі хабарлады. Ал, бұл туралы британдық «Voice of Russia» ақпараты « Ресей негізгі стратегиялық ядролық арсенал қорғанысы жаттығуын өткізетінін жария етті» деген тақырыпта мақала жариялап, бұл ірі әскери жаттығуда ядролық арсеналдардың да бар екендіктерін айтып, Батысқа дабыл қақты. «Уэльстегі НАТО саммитынан бір күн бұрын Мәскеудің ірі әскери жаттығу өткізетіні туралы ресейлік "РИА Новости" хабарлады»,- дейді «Voice of Russia». « НАТО мен Ресей тараптары Украинадағы қайшылық басталғалы бері жарысып әскери жаттығулар өткізуде»,-дейді аталған британдық ақпарат көзі. Ал, НАТО-лықтар шығыс Еуропадағы одақтастараымен бірге Ресей тараптан келетін барлық мүмкін болған агрессияға дайын екендіктерін мәлімдеген еді. « Бұл дайындық жоспарымыз бойынша, біз дұрыс орында дұрыс әскери күш пен дұрыс құрылымдарды орналастырдық»,-дейді НАТО бас хатшысы Андрес Фог Расмуссен. Бір қызығы Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақта өткізетін әскери жаттығуына еліміздің де әскерлері қатысатын көрінеді. Естеріңізде болса Ресейдің Сыртқы істер министрі Лавров жақында ғана Шығыс Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.

Т.Шаншарбек

Қатысты Мақалалар