Алматыда кеше хоккейден «Алматы» мен «Бейбарыс» командалары арасындағы ойын басталар алдында Қазақстанның бұрынғы Әнұраны орындалды. ҚазАқпараттың хабарлауынша мұндай қателікке Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының әкімшілігі жол берген. Ескі Әнұран бірнеше секунд қана шырқалғанымен, «Алматы» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілген ойынның басталар сәтіне мыңдаған көрермен куә болды.

Еске салсақ, 2013 жылыдың 12 қаңтарында Твердің жергілікті клубы мен Жоғары хоккей лигасының лидері «Сарыарқа» ойыны басталар кезде Қазақстан Республикасының қазіргі емес, бұрынғы ескі Әнұраны қойылған. ЖХЛ бұл қателік үшін «Сарыарқа» клубынан кешірім сұрады және Тверь хоккей клубын айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, Ресейдің барлық хоккей клубтарына бұндай кемшілікті қайталамау жөнінде ескерту жолданған.
Қамшы-ақпарат