Энергетика және ұзақ мерзімді қаржылық секторлармен байланысты Батыстың Ресейге салынған санкцияларына Ресей қайтарма санкция салуы тиіс, BBC-дің хабарлауынша, бұл туралы Ресей Премьер-министрі Димитрий Медведев айтқан. Ресей үкіметі өкілінің "Ведомости" газетіне берген сұхбаты бойынша, Ресей бұл ретте өз аспанында батыс әуекомпаниялары ұшақтарының ұшуына бір жола тыйым салуы мүмкін.

"Егер батыстық әуе тасымалы қатынастары бізің әуе жолдарымыздан басқа аумақта ұшуға мәжбүр болса, бұл онсыз да тұралап жатқан батыс әуекомпанияларын банкротқа әкелуі мүмкін.", - деген Медведев өз сөзінде. Ол сондай-ақ өз сөзінде Ресейдің Еуропаның адам құқықтары жөніндегі Сотынан шығуы мүмкін екенінде айтқан. Ресей Премьерінің сөзінше Еуропалық Сот құқықтық саяси балансты ұстай алмай отыр. Бұндай пікірді тамыз айында, Ялтадағы дума фракциясы мүшелерімен кездесуінде Ресей лидері Путин де айтқан.
Қамшы-ақпарат