Солтүстік Қазақстан облысында партиялық және қоғамдық қайраткері Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақовты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Жақсылық Ғабдоллаұлы 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында туған, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, К.А. Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясы мен КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін аяқтаған.
Жақсылық Ысқақов еңбек жолын Полудино машина-трактор станциясында агроном болып бастады.
1957-1959 жылдары Октябрь ауданының Ворошилов атындағы машина-трактор станциясында, Ленин ауданының «Заградовское» кеңшарында бас агроном болып қызмет етті.
1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ЛКЖО облыстық комитетінің екінші, кейін бірінші хатшысы болып бекітілді.
Әр түрлі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының атқару комитетінің, кейін Бескөл аудандық еңбекші депутаттар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Комунистік партиясының Сергеев аудандық комитетінде бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1975 жылдан 1991 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды, Павлодар атқарушы комитетін басқарды.
1992- 2005 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарды.
Қызмет барсында «В.И. Ленин» орденімен, «Құрмет белгісі», «Еңбекші Қызыл ту», «Октябрь төңкерісі», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Мерейтой иесін құттықтай отыра өңір басшысы Құмар Ақсақалов Жақсылық Ысқақов облыс дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.
«Солтүстік Қазақстан облысы – біздің еліміздің астық қорының бірі. Сіздің басшылығыңызбен мал шаруашылығында жаңа технологиялар енгізілді. Соның арқасында ет пен сүт өндірісі 2 есеге, өнімділігі гектарына 5 центнерге дейін артқан. Біз сізді кеңесші, басшы ретінде білеміз. Сізді құттықтаймыз, денсаулық, отбасы амандығы мен ұзақ ғұмыр тілейміз», - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, еңбек ардагерлері – Зинаида Беева, Евгений Викторов, Кұдайберген Қалиев, сонымен қатар, облыстың «ОДАҚ» комсомол ардагерлер кеңесінің өкілі Валерий Маслов құттықтады.
«Ағамыз атқа міген күннен бастап осы уақытқа дейін аттан түспеген. Ол деген әрбір адамның пешенесіне жазылған емес. Біз сізден үлгі алып,өнеге алып өсіп келе жатыр. Бірішіден, ағамыз - өткір, екіншіден - айтатын сөзі тура, өз сөзін дәлелдеп шығады. Сізге денсаулық тілеймін, аман-сау болып жүре беріңіз», -деп құттықтады Құдайберген Қалиев.
Өз кезегінде Жақсылық Ғабдоллаұлы жиналғандарға алғысын айтты.
«Сіздерге достығымыз үшін, жылы сөздеріңіз үшін алғысымды айтамын. Өзімнің бар саналы өмірімді мен Солтүсьтік Қазақтсан облысында өткіздім, сіздермен бірге қызмет еттім. Біз барлығымыз адал қызмет етіп, бар күшімізді, білімімізді салып, бір-бірімізді қолдап, жақсы нәтижелерге жетіп отырмыз», - деді Жақсылық Ысқақов.
Жиын соңында өңір басшысы Құмар Ақсақалов еңбек ардагерлерінің, өңірдің құрметті азаматтарының пікірлері өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен маңызы бар екенін атап өтті.
«Сіздер тарих қорғаушыларысыздар, сіздер қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сондықтан түрлі деңгейде осындай кездесулерді жиі өткізілгені маңызды. Біз бұған мүдделіміз және осы жұмысты өткізетін боламыз», - деді облыс әкімі.