Сеssna Citation маркалы бизнесс-класс жеңіл ұшағы Джорджия штатындағы Коб округіндегі тұрғын үйлердің біріне соғылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы ABC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұшақ ішінде тек бір ғана жүргізуші ұшқыш болған.Ол оқиға орнында қаза тапты. Тұрғындардан ешкім зардап шекпеген. Видеода ұшақтың жанып жатқанын көруге болады.
Мәліметтерге қарағанда, ұшақ Атланта қаласының әуежайына бара жатқан. Қайғылы жағдайдың орын алу себептері белгісіз.