Ұлттық банк еліміздегі екінші деңгейлі банктерге шетелде қаржы ұстауға тыйым салады, бұл туралы Baq.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, бұл шектеу ішкі нарықтан тартылған ақшаға қатысты. Келімбетовтың таратқан дерегіне сүйенсек, көптеген банктер соңғы үш жылда валюталық алып сатарлыққа қатысу арқылы қаражаттың тең жартысын өзге елге шығарған. Енді мұндайға жол жоқ. Қаржы реттеушілері валюта операциясының банк активінен 30 пайызға артуына мүмкіндік бермейді.
Қамшы-ақпарат