2018 жылдың соңында Кедендік одақ (КО) елдері арасында мобильді роуминг жойылуы ықтимал, бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия министрі Нұрлан Алдабергенов айтқан. Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда осы мәселе бойынша зерттеу жұмыстары жүрігізулуде. «Бұл мәселені шешу бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттеуден тұрады, себебі әр мемлекет өз ұлттық заңдары аясында шешім қабылдаулары тиіс. Сондай-ақ, екінші кезең – заңнамалық жоспар бойынша тәсілдемелерді сәйкестендіру. Есептеу бойынша, бұл мәселе шамамен үш-төрт жыл ішінде шешімін табады», - деді Алдабергенов.

Роуминг – бір мемлекеттің байланыс абоненттері шетелге шыққанда SIM картасын ауыстырмай-ақ қолдана беруін қамтамасыз ететін қызмет, бірақ бұл анағұрлым қымбатқа түседі. Ал, аталған хабарға сай Кеден одағы елдері арасында роуминг жойылар болса, ел аумағынан жиі шетел асатын кәсіпкерлерге тиімді болатыны анық.
Қамшы-ақпарат