Қиял-ғажайып киноларды жақсы көретін адамдар үшін жақсы жаңалық. Ричард Браунинг есімді британдық кәсіпкер ракеталық қозғалтқышты қолдары мен аяқтарына жалғап ұша алатын костюм ойлап тауыпты. Daedelus деп аталатын костюмді киіп алып жер бетінен бірнеше метр қашықтықта қалықтап жүре алады. Дәл «Темір адам» киносындағы Тони Старк секілді.
«Мен бұл құрылғыны киіп кез-келген уақытта ұшып кете аламын. Мотоциклде айдаудан гөрі бұл құрылғы әлдеқайда қауіпсіз» деді Браунинг сұхбат беру барысында.
Британдық азаматтың айтуынша, Daedelus сөмкесі реакитвті отыннан емес, жарылғыштығына байланысты авиациялық отыннан тұрады екен. Қолдану үшін арнайы қосқышты ұстап тұру керек. Айта кетерлігі, костюмның ұшу жылдамдығы адамның жүгіру жылдамдығынан аспайды екен.
Пікір қалдыру