Ұлы Абайды аяққа таптағандар елдің ашуын келтірді

/uploads/thumbnail/20170710002448351_small.jpg

 

Желіде таралған қазақ халқының ұлы ғұламасы Абайдың бейнесі бейнеленген кілемше суреті Instagram желісіндегі zhest_kz  парақшасында жарияланған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

 

Желі қолданушылар бұл туралы пікірлерін әр түрлі білдірді. Біреулері бұл суреттің фотошоп екенін айтса, енді біреулері Алматы қаласындағы қоғамдық әжетханалардың бірінің алдында жасалған сурет деп топшылайды. Ол Мұстафин мен Біржан сал көшелерінің қиылысындағы "Орбита" сауда үйі мен базар маңында орналасқан болуы мүмкін дейді.

 

Не дегенмен, мұндай суретті көпшілік қауым сорақылық, ұятсыздық деп бағалап отыр. 

«Мұны істеген адамды адам деуге ұят. Олай болмайды ғой. Ол біздің ұлы тұлғамыз. Қаншама ұрпақ оның ұлы шығармаларымен өстік. Масқара", - деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

Қатысты Мақалалар